Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Жарайсың, Бауыржан!”. Алматыда 24 жыл орнатылмаған ескерткіш ашылды

320

Айта кетелік,

қазақы қоғам арулап, құрметтейтін Алматыда бір жер бар. Ол — қазақ интелегенциясы азапталып, әбден езгіге салынған НКВД-ның жертөлесі.

Жантүршігерлік қырғынды көзі көргендер кезінде ол араға белгі салып, қара тас орнатқан. Міне, сол тастың орнына ескерткіш орнату мәселесі қоғамда 23-24 жыл бойына көтеріліп келді. Бірақ бұл ұсыныс осы күнге дейін қабылданбады. Тек былтыр тура сол саябақтағы қара тас жанынан сөз алған Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, ақыры, ол ескерткіштің жуырда бой көтеретінін мәлімдеп, көптің көңілін бір көтеріп тастап еді. Ол уәдесінде тұрды. Арада бір жыл өтіп, сол ескерткіш бүгін ашылып, қарайған халық көзайым болып, көздеріне жас алды.

https://kaz.365info.kz/zha-sy-sharany-sayasi-zh-ne-ltty-m-nisin-d-rys-t-sinip-zh-rmiz-be-208649

Көріп үлгергендер әлеуметтік желіде сүйіншілеп, өз әсерлерімен бөлісіп жатыр.

– Ескерткішке қарап тұру мүмкін емес, – деп жазады біреулері.

Өйткені, бүтін бір ұлттың жан азабын паш ететін ескерткіш аянышқа толы әсер береді.

“Аштықтан бұратылған сәбиіне қорған бола алмаған Ана жүрегі қан жылайды. Баланың көзі жұмулы, анасын құшақтауға, тіпті, әлі де жоқ. Ана табанының астында бос төңкерілген қазан жатыр”,

– деп түсіндіреді ескерткіш мазмұнын мүсін авторлары.

Ал Бауыржан Байбек монументтің Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен ашылып отырғанынын жеткізді.

“Бүгін Мемлекет басшысының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішті Алматыда да ашқалы отырмыз. Елбасының тікелей тапсырмасына сәйкес, өткен жылы біз осы ескерткішті жасауға байқау жариялаған едік. Оған жалпы саны 21 жоба түсіп, көпшіліктің, арнайы мамандардың талқылауына ұсынылды. Астанадағы мемлекеттік комиссияның ұйғарымымен жобалардың ішінен баласын кеудесіне қысқан Ана бейнесі жеңімпаз деп танылды. Ана – барша тіршіліктің қайнар көзі, ұлттың ұйтқысы, келешектің кепілі.

https://kaz.365info.kz/genotsid-ekeni-dausyz-asharshylykhkha-khatysty-bejmalim-derekter-anykhtaldy-grafika-263858

Ана қасіреті – ел қасіреті.

Аштықтан бұратылған болашағын – өз сәбиін құшақтаған Ананың қайғылы халі сол кезеңде өмір мен өлімнің арасындағы қазақ халқының басынан кешкен талайлы тағдырын шынайы бейнелейтіндей. Ашылғалы отырған ескерткіш өскелең ұрпақтың жазықсыз шейіт болған ата-бабалар мен аналардың рухына бас иіп, Тәуелсіздіктің тәттілігін, азаттық пен бейбіт өмірдің баға жетпес байлық екенін ұғына білетін киелі орын болсын деп тілейміз!

Бұл ескерткіш – өткендер рухына тағзым, ал, болашақ үшін – тағылым”,

– деді Бауыржан Байбек.

Айта кетелік, 1918-1933 жылдар аралығында Қазақстанда түрлі деректер бойынша, 3 миллионнан астам адам опат болған, ал 1931-1933 жылдары 1 миллион 700 мың адам қырылып кеткен. 1937-1938 жылдары 100 мыңнан астам қазақстандық репрессияға ұшыраған.

1931-1933 жылдардағы аштық құрбандарының ескерткіші “Қарағайлы” саябағындағы Қабанбай батыр мен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысына орналасқан.

Қола мен граниттен жасалған, биіктігі 3 метр бұл ескерткішті сәулетшілер Қанат Бегулиев, Айдос Бүркітбаев және Дулат Үсенбаев жасады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз