Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

“Жаппай тексереміз…”. Ерлан Сағадиев 1-сынып оқушысы ісіне қатысты пікір білдірді

Біз прокуратура, ішкі істер басқармасымен консультация жүргіздік. Әзірге тергеу жүріп жатыр. Мен сіздерді де баланың мүддесі үшін осы сұрақ бойынша қосымша түсініктемелерден бас тартуға шақырамын”, — деді Сағадиев журналистерге мәжілісте өткен үкімет сағатынан кейін.

Министр баланың қауіпсіздігі қамтамасыз етілгенін, көп адам осы мәселемен айналысып жатқанын айтты.

“Мектеп әкімшілігіне байланысты қандай шара қолданылады?”, — деп сұрады БАҚ өкілдері.

“Тергеу қорытындысы, сараптама нәтижесі шыққан кезде, қандай да бір фактілер расталса, біз ең қатаң шара қолданамыз”,

— деп мәлім етті ол.

Бұдан бөлек,

министр тергеу аяқталғасын, ОҚО мектептерінде кешенді тексеріс жүргізілетінін алға тартты.

Министр “біздің балалар мектепте қорғалған деп есептейсіз бе?” деген сұраққа:

“Мұндай фактілер болады. Сәуір айының басында Алматыда барлық үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесу өткізуді жоспарлап отырмыз. Біз Аружан Сайынды, басқаларын да осы жиынға шақырамыз. Осындай фактілердің болу мүмкіндігін азайту үшін мемлекет пен қоғам тарапынан қолға алынуы тиіс қосымша шараларды талқылаймыз”, — деп жауап берді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз