Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Жапония қалай көтерілді?

214

Әскер-қару-жарақтан айырылып, жүні жығылып, халқы да рухани күйзеліске ұшыраған жағдай болды.

Сол кездерде есін әуелі жыя бастған зиялы қауым өкілдері: «Қайтеміз? Не істеу керек?» деп, сауалға жауап іздей бастады. Түрлі ойлар ортаға салынды. Сайып келгенде, «біздің түбімізге жеткен жапондық – тіліміз, діліміз» дегенге тірелді. Кейбіреулері «жапон тілін тастап, жеңген елдің тілі – ағылшын тіліне көшейік» дегенге дейін барды. Үкімет комиссиясы құрылып, мәселе жан-жақты зерттеліп, «жапон тілінен бас тартудың қажеті жоқ.

Білім-ғылым, техника, технология жетістіктерін қай тілде шықса да, жапон тіліне аударып, игеру керек» деген тұжырым жасалды. Мұның нәтижесі көп ұзамай жапон елін алға шығарды.

Ал, ел аман, жұрт тынышта әупірімдеп аяғын қалт-құлт басып, мемлекеттік тіл дәрежесіне жете алмай келе жатқан қазақ тілін неге құртамыз? Үш тілділік деген – авантюра, қиял. Үкіметте жүргендерге «Шамалы-ау, балам, түйсігің»,- деп, ақын айтқан сөзді айтуға тура келеді.

Мақсұт Оразайдың Фейсбуктегі парақшасынан алынды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз