Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Жап аузыңды!..”. Ақтау әкімдігі алдында жұрт қырқысып жатыр (видео)

https://kaz.365info.kz/almatyda-sajran-koli-zhagasynda-zhappaj-tobeles-boldy-video-270147

Мұндай адамдардың нөпірін әкімдіктегілердің өзі күтпегендей.

Негізі 478 пәтер үлестірілу керек. Ал, өтініш өткізуге келгендер одан он есеге көп. Ақтаудың үш жерінен құжат қабылдайтын орталық жұмыс істегенмен, оның өзі сеп болмай тұр.

Негізі, ұзын-сонар кезекте уақытты сарп етпей, интернет арқылы өтініш қалдыруға мүмкіндік бар. Бірақ, оның көмегіне тек 30 адам ғана жүгінген.

“Біздің тек азаматтардан сұрайтынымыз сабыр сақтау, барлығы да құжаттарын тапсырып үлгереді. Біз құжат қабылдайтын қызметкерлердің санын көбейтіп жатырмыз тілек білдірушілердің көп болуына орай. Бізде әлі екі күн уақытымыз бар. Басында 6-ға дейін қабылдаймыз деп едік, тілек білдірушілердің көп болуына орай 7-8-ге дейін уақыт бөліп, азаматтарды қабылдаймыз”, – деді қалалық тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің жетекшісі Берік Ізғалиев.

https://kaz.365info.kz/mynadaj-khyz-bola-ma-zhigitpen-tobelesip-zhatyr-258345

Дәл осындай қарбалас Ақтауда 2015 жылы да болған еді. Ол кезде ішке кіре алмай, ашуға булыққан адамдарды сабасына түсіру үшін, тіптен сақшылар келген. Сол жағдай қала әкімдігіне сабақ болмағандай. Ерте ме, кеш пе құжаттарын қабылдаймыз деп жайбарақат отыр. Ал, пәтердің өзі тек бағдарламаның талабына сай келгендерге ғана берілмек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз