Көмір ұрлап, істі болған қостанайлық әйелге әлеуметтік желіде жанашырлық танытпаған адам кем де кем. КТК телеарнасындағы әріптестеріміз ол әйелді іздеп тауып, жағдайын біліп қайтыпты.
Бұл туралы телеарнаның тілшісі Гүлмира Әбіқай Facebook-тегі жеке парақшасында суреттері қосақталған жазба жариялады.
“Көмір ұрлаған әйел жайлы ақпар желіні жайлап кетті. Небәрі бір мөшек немесе 20 кг көмір. Сол үшін Татьяна Күзембаева қылмыстық жазаға тартылып, биылғы 1-қарашада Ұзынкөл аудандық соты қылмыскер деп танып, ақыры екі жақ мәмлеге келіп әрең тарқасты.
https://kaz.365info.kz/ne-bop-ketti-ozi-komir-yrlagan-tytyldy-akhsha-yrlagandar-khytyldy-289462
Қарашаның қара суығында әйел баласы көмірді не үшін ұрлайды, әрине, үйін жылыту үшін. Сыз тартқан үйде мүмкін 5-6 баласы көздері жәутеңдеп анасын күтіп отырған шығар? Қатал заң, аянышты күй. Мен де солай ойладым. Сілтемесін ФБ-ға салғаным сол еді:
“Не деген масқара, байқұс ана, бір мөшек көмір аяған бейшара Үкімет” тағысын тағы. Пікірлермен қатар көмек қолын созушылар да арамыздан табыла кетті.
Askar Askarov ерікті қоғам жанашыры бірден 10 тонна көмір түсіретінін жеткізді. Атыраулық жомарт жан: “Сіздің таппайтыныңыз жоқ, сол әйелдің телефонын тауып беріңізші” деп қолқа салды. Бұдан бөлек қиналған отбасыға қаржылай көмектесейік деген азаматтар көбейді. Татьянаның телефонын іздегенім де сол еді.
Сөйтсем қызық енді басталды. Қандай қызық екенін мына мінездемеден оқып аларсыздар. Фотода Күзембаваның тұрып жатқан үйі.
Білуімше жанашырлар оның ауласына айтқан көмірді түсіріп те берді.
“Енді бүкіл ауыл жұрты “Әкім, онда больницаның көмірін біз де ұрлайық, сонда бізге де көмір түсіріп берер біреулер” деп мені жағадан алуда” – дейді жыларман Юрий Александрұлы. Басымды шайқадым.
Ряжское ауылындағы соңғы жаңалық осы: Таня+көмір” деп жазыпты телеарна тілшісі.
https://kaz.365info.kz/khajdagy-tapshylykh-byltyrga-kharaganda-biyl-komirdi-kop-ondirgen-shahterlar-an-tan-283635
Мінездемеден ұққанымыз, көмір ұрлаған әйел моторист Иванченкомен азаматтық некеде тұрады екен. 1995 жылғы, жұмыс істемейтін жалғыз ұлы бар екен. Ішкілікке бейім отбасы көрінеді…