Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Жаным дейді… Күйеуім ажырасқан қатындармен кездесе береді

157

«Менің күйеуім, екі балам бар. Соңғы кездері жолдасымның басқа біреуі бар екенін білдім. Алдында да сезгем. Шындық бәрібір ашылды.

Оның маған көзіме шөп салуы осымен екінші рет. Бірінші қатыны да маған неше-түрлі боқауыз сөз айтып, кет деп айқайлаған.

Сол қатынға бола мен кетпегем. Ол – 4 жыл бұрынғы оқиға. Қатемді кешір деп жалынған.
https://kaz.365info.kz/magan-ajgyr-kerek-khazakh-ajelderinin-angimesi-zhaga-ystatady-267076

Кеше соткасын тексерсем…

Енді сол оқиғадан кейін өзімен бір мекемеде істейтін айырылысқан қатынмен кездесіп жүр.

Оны да айқаймен кешірдім. Екеуі ұрсысып қалғандай, кездеспейтіндей болған. Енді кеше соткасын жай қарап қалсам, «рахмет жаным, сен айтқан дәрі көмектесті маған», деп жазыпты ватсабына.

Қаным қайнады. Үндеген жоқпын. Бірақ мен жолдасым екеуміз бір бірімізге суып кеткелі қашан. Мен бұрынғыдай оны жақсы көрмеймін. Ол ішеді, шегеді. Кейінгі кездері үйге тамақ, балаларына киім-кешек әпермегелі бір жылдай болды. Бәрін өзім алып берем. Өз ақшама. Ақша жағына келсек, айқайлап-ұрсып, бергісі жоқ.
https://kaz.365info.kz/shajtan-tyrtip-zhyr-meni-ajelimnin-kozine-shop-saldym-300725

Менің ақшамда шаруаң болмасын дегендей ұрсып тастайды… Айта берсем, өте көп.

Ал қарсы шықсам, ұрып тастайды. Содан қорқамын да, сосын үндемеймін. Түні бойы ұйқым жоқ.

Енді ажырасудан басқа амал қалмады. Балалар үшін жүрмін. Ол да солай сиякты. Бәрібір сол ғашығын тастамайды. Ал мен оған служанка ретінде керек сияқтымын. Киімін жуып, тамағын істеп дайындап отырамын.

Мені тағы алдап кетті. Шаршадым.

Тағы кетіп қалайын десем, тағы сен кетсең мен өлемін, ішіп кетемін деп жылап шақырып алады, оны аяп тағы қосылсам – тағы ана қатынына кетеді, одан қалса, жолдастармен ішеді, шегеді, карта ойнауы басталады.

Әбден шаршап кеттім. Ешқандай жақсылығын көрген емеспін. Шығарыңызшы, өтінемін. Және жасырын болсыншы нөмірім», депті ол.
https://kaz.365info.kz/zhigitim-ote-khyzganshakh-ne-istesem-eken-280630

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз