Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
-18
USD
522
0.00
EUR
544
0.00
RUB
5.05
0.00

“Жаңсақтық болуы мүмкін!”. Бозымбаев орынбасарының ұсталуына қатысты пікір білдірді

Министр Жақсалиевтің Щучье-Бурабай аймағындағы көлдерді тазартуға қатысты іс бойынша үйқамаққа алынғанын, бұл жұмыстың 2013 жылы басталғанын атап өтті.

https://kaz.365info.kz/energetika-vitse-ministri-zhakhsaliev-yj-khamakhkha-alyndy-318150

«Мердігер ұйыммен келісімшарт 2013 жылы қоршаған ортаны қорғау бойынша өзге ведомствода бекітілген және жылдар бойы жалғасып келген.

Күдік тудырған эпизод 2015 жылға қатысты. Ол кезде мен мүлдем басқа жерде жұмыс істеп жүргенмін.

Сондықтан, бұл мәселе бойынша пікір бере алмаймын. Оның үстіне, құжаттарды Ұлттық бюро алып кетті, тергеу жүріп жатыр», – деп жауап берді министр Үкімет үйіндегі журналистер сұрағына.

Сондай-ақ, министр Бақытжан Жақсалиевтің өте білікті маман екенін жеткізді.

https://kaz.365info.kz/ai-92-benzini-125-tengeden-140-tengege-dejin-khalaj-osti-khanat-bozymbaev-otirikshi-me-250649

«Өз тарапымнан өкініш пен аяушылық қана білдіре аламын. Әлі де жаңсақтық орын алды деп үміттенемін. Себебі, біздің ұжым,

Энергетика министрлігі, тұтас республикадағы энергетиктер Бақытжан Мұхамбетқалиұлын білікті және кәсіби энергетик, әріптес деп біледі.

Және бұл істің тергеу жұмыстары министрлік жұмысына, ондағы міндеттемелерімізді атқаруға еш ықпалын тигізбейтініне үміттенемін», – деп өз сөзін түйіндеді Қанат Бозымбаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз