«Қарлы-боранды циклон Сібірге ауысты. Алдағы күндері суық ауа ағындары Қазақстанның шығысында қар жауып, боран соғуына себеп болады. Республика аумағында қайтадан антициклон орнайды, ол Жаңа жыл мерекесі күндері Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райының қандай болатынын белгілейді. Негізінен аспан ашық болады», – делінген “Қазгидромет” РМК хабарламасында.
Оңтүстік және орталық облыстарда шығыстан соққан жел күшейіп, оның жылдамдығы кейбір жерлерде 15-20 м/с-қа, екпіні 25 м/с-қа жетеді.
Сондай-ақ, болжам бойынша 30 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысындағы жолдарда көктайғақ болуы мүмкін.