Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
17
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

Жаңа мұнай мәмілесі: маңызды келісім бе әлде бос сөз бе?

352
Сурет: teknoblog.ru

Сәуір айының бірінші онкүндігінің соңына қарай әлемнің үш ірі мұнай өндіруші елінің (Сауд Арабиясы, АҚШ және Ресей) жағдайы аса жақсы болмады. Мұнай бағасының күрт төмендеуі, экономиканың барлық секторларындағы іскерлік белсенділіктің төмендеуі шикізатқа сұраныстың қысқаруына алып келді. Мұнай сақтау орындарының шектен тыс толып кетуі саланың күрделі проблемаларын бастан кешкенін көрсететін  үздік индикатор болды.

АҚШ-тағы  сланецтік мұнайдың ірі өндірушілерінің бірі, Continental Resources компаниясы ауыр кезеңді бастан кешуде – 3 ай ішінде акция 73%-ға арзандады. Жақында компания сәуір және мамыр айларында өндірісті шамамен 30%-ға қысқартатынын хабарлады. Басты себеп — оны бұрынғы көлемде сатуға болмайды. Бұл саладағы жалпы үрдістің көрінісі болды. Бір апта ішінде, 28 наурыздан 3 сәуірге дейін АҚШ-та мұнай өндіру тәулігіне 600 мың баррельге — 12,4 млн б/с дейін төмендеді.

Ресейде де мұнай бағасы күрт құлдырады. Urals 6 сәуір күні Еуропада 17,5 долларға саудалады. Азияға жеткізу жағдайы нашар: Сахалинада өндірілетін Sokol сорты және жыл басында Dubai эталондық маркасынан 9 долларға қымбат сатылды, енді 8 долларға арзан. Оның қазіргі  бағасы 12 доллардан да төмен.

Бюджеті мұнай бағасына байланысты Сауд Арабиясы Еуропаға экспортталатын мұнай көлемін шектен тыс арттырып, онысы да арзан шикізатты олар клиенттерге 6-10 доллар жеңілдікпен ұсынды. Мұндай демпинг барлығы бірдей көтере аламйды, саудиттердің өздеріне де оңай тиіп жатқан жоқ.

Дағдарысқа салынған миллиардтаған инвестиция

Дегенмен, дағдарыс жаңа мүмкіндіктерге жол ашып отыр. Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мохаммед бен Салман бақылауындағы PIF мемлекеттік инвестфон төрт еуропалық мұнай өндіруші компанияның пакеттерін бірден сатып алды. Норвегиялық Equinor, ағылшындық-голландиялық Royal Dutch Shell, Француз Total және итальяндық Eni үлесін сатып алуға 1 млрд доллар кетті. Саудиттер баға белгіленімі өседі деп үміттенетіні анық.

Ресейде мұнай нарығындағы жағдай инвестиция үшін ғана емес, алыпсатарлыққа да себеп болды. Мәскеу биржасында белгісіз трейдер «қара алтынның» бағасы өседі деген болжаммен, барлығы 32 млрд рубльге  үш күн ішінде фьючерстердің үлкен көлемін сатып алды. Бұл шамамен саудиттер мұнай компанияларындағы үлестерді сатып алуға жұмсаған сомманың үштен біріне сәйкес келеді.

Түсініксіз келіссөздер

Бұл оқиғалардың барлығы әлемдегі ірі мұнай өндіруші ел өкілдерінің кездесуінің алдында болды. Бұл кездесуден кейін әлемдегі мұнай өндірісінің көлемі қысқарады деп күтілген еді. Жаңа келісім, барлығы күткендей, қираған ОПЕК+-тің орнына келеді, алайда бірнеше ерекше айырмашылықтарға ие болады:

  • шартқа АҚШ, Канада, Норвегия және Бразилия қатысуы тиіс;
  • қысқарту көлемі ОПЕК+-ке қарағанда бірнеше есе көп болады;
  • Сауд Арабиясы Ресейден өндірісті алдыңғы келісімде көрсетілген көлемнен де көбірек қысқартуды талап етті.

9 сәуірде көптен күткен кездесу бейнеконференция форматында өтті. Келіссөз барысында ұсақ-түйек мәселелерге аса назар аударылмады, бірақ басты нәтиже бірден белгілі болды: Ресей мен Сауд Арабиясы өндірісті күніне 15-20 млн баррельге қысқарту туралы келісті. Ал қазір бүкіл әлемде күн сайын 100 млн баррель өндіріледі.

Бұл мұнай бағасын көтерді, алайда нарық қатысушыларының жаңа сұрақтары туындады:

  • қай сәттен бастап төмендету керек;
  • елдер қай уақыттан бастап, қаншылықты көлемде өз көрсеткіштерін қысқартады;
  • мәмілеге тек ОПЕК+ қатысады ма, әлде  басқа елдер де өндірісін қысқартуға келісті ме?

Осы мәселелерді анықтап жатқанда, мұнай бағасы біртіндеп кері кетті. Ал бұдан кейін Мексика келісімнің шарттарын қабылдаудан бас тартатыны туралы жаңалық пайда болды, сондықтан келіссөз шын мәнінде ешқандай нәтижесіз аяқталды.

Қандай да бір келісім сақталды

10 сәуір күні таңертең Қазақстанның Энергетика министрлігі «болашақта мұнай өндіруді ұжымдық қысқарту туралы консенсусқа қол жеткізілетініне үміт артады. Ал бұл өз кезегінде мұнай индустриясына оң әсер етеді» деген хабарламаны жариялады. Ведомство Қазақстан өндірісті қысқартуға дайын екенін хабарлады. Қалай болғанда да осындай қысқартулар болуы керек еді, ол 2020 жылға арналған нақтыланған болжамдарда да қарастырылған.

Тағы да бірнеше елдің өкілдері осындай мәлімдеме  жасады. Бұл күні келіссөздердің тағы бір ауыз кезеңі болуы тиіс еді.

Бірақ кенеттен ОПЕК мәміленің қорытынды құжатын жариялады, онда барлық шешімдер қабылданды. Қатысушылар өндіріс көлемін 10 млн б/с екі айға, 1 мамырдан 30 маусымға дейін қысқартуға келісті. Келесі жарты жылда 8 млн баррелге, одан кейінгі  16 айда тағы  6 млн баррелге қысқартады.

Осылайша, шектеулер 2022 жылға дейін созылады. Бұл ретте мәмілеге АҚШ қосылмаған. Үш жетекші мұнай өндіруші державалардың бірі табиғи (мұнай бағасының салдарынан) өндірудің қысқаруымен шектеледі. ОПЕК+ – тен тыс елдер өндіруді қысқарту тағдыры G20 елдерінің энергетика министрлерінің бүгінгі кеңесінде шешілетін болады.

Жауап

Сарапшылар мәмілені Ресейдің жеңілісі ретінде бағалайды. Бір ай бұрын РФ ОПЕК+ ұзартудан бас тартты, өйткені келісім америкалық сланцевиктер үшін қолайлы деңгейде бағаны ұстап, ресейлік мұнайшыларға жаңа деңгейге шығуға кедергі жасады.

Бірақ осы уақыт ішінде сланец мұнайын жойып (олар ұңғыманы оңай консервілей алады екен, бұл бұрын ескерілмеген еді), саудиттерді де орнына қоя алмады (сонымен қатар Ресей оларға Батыс Еуропа нарығының едәуір бөлігін берді). Алайда компаниялар миллиардтаған долларын жоғалтты. Саудиттерге қарағанда, ресейліктер мұнайдың төмен бағасын және әлемдік компаниялардың арзан акцияларын пайдала алмады: осы уақыт ішінде стратегиялық маңызды мәмілелер де жасалған жоқ.

Жаңа келісімге Сауд Арабиясы мен АҚШ шарттары ескеріліп, қол қойылды. Жалпы алғанда, ол Дональд Трамптың ұсынған сценарийі бойынша өтті: барлығы мәміле шарттарына сүйене отырып, өндіруді қысқартады, ал АҚШ оны кез келген уақытта өсіруге ерікті.

10 миллион – дегеніміз өте аз

Бұл ретте әлемдік өндірудің 10%-ға қысқаруы — маңызды болғанымен, алайда әлемдік нарықтағы жағдайды тұрақтандыру үшін жеткіліксіз болып отыр. Сарапшылардың бағалауы бойынша, әлемде күн сайын пайдаланылатын көлемнен  20/25/30 млн баррельге (бағаға байланысты) артығырақ өндіріледі.  Еркін, яғни іс жүзінде қажетсіз, мұнай қазір өте көп. Оның көлемі өсе береді, дегенмен жаңа келісімнің арқасында белгілі бір тежеу болатыны анық. Мұндай жағдай коронавирус індетінен кейін экономика қалпына келтіріле бастағанға дейін жалғасады: барлық зауыттар іске қосылған кезде ғана барлық ұшақтар ұшып кетеді және гараждардағы барлық автокөлік сыртқа шығады, нәтижесінде  мұнайдың сұранысы оны өндіру деңгейіне теңеледі.

Сондықтан өндіруді қысқарту туралы шешім бағаға әсер етпеді. Brent құны барреліне 32 доллардан аз. Бұл сорт келіссөздер басталғанға дейін де осы деңгейде  саудаланған еді.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз