Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Жаңа ғана СПИД жұқтырдыңыз”. WhatSapp арқылы тарап жатқан хаттың мәнісі ашылды

«Жұқпалы дерттерді қадағалау жөніндегі орталық» жақында Шымкент және басқа да қалаларда болған осындай оқиғалар туралы хабарлады.

Барлық инелерден сынамалар алынып, олардың жұқпалы ауру қоздырғыш екені анықталып отыр.

Мұндай улы тікендердің банкоматтардан да табылып жатқаны белгілі болды. Сол себепті, абай болыңыздар! Барлық қоғамдық көліктердің орындықтарын тексеру керек. Пойыз, автобус, ұшақтарда орынға отырардан бұрын, оны әбден тексеріп алыңыздар. Сондай-ақ, мекеме осы хабарламаны неғұрлым көбірек таратып, айналадағы адамдардың өміріне араша түсулеріңізді сұрайды», деген мәтініндегі хабарлама WhatSapp желісі арқылы тарап жатыр.

Оны кім және не үшін тарата бастағаны белгісіз. Жазбада мұндай қаскөйлік – терроризмнің жаңа түрі делінеді. Мұндай жауыздыққа ВИЧ індетін жұқтырушы және СПИД ауруына шалдыққандардың халықаралық бейресми ұйымы барған-мыс.

Ал Қостанай облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің өкілі Әлекенова мұндай хабарлама ойдан шығарылғанын айтады.

«Халықты мұндай қисынға келмейтін ақпараттарға сенбеуге шақырамыз. Әсіресе, бір адам өзіне келген хабарламаны басқаларға таратып, әлеуметтік желілерде екіұшты ой, дүрбелең туғызып жататыны белгілі. Өкініштісі, мұндай ақпарат тарататындарды табу қиын. Бәлкім ол шет елдерден келген хат-хабар болуы мүмкін. Сол себепті, жұртшылықты ресми жаңалықтардан басқа, алып-қашпа әңгімелерден абай болуға шақырамыз», – деп атап өтті ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз