Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Жампозовтың ұлы әкесіне қарсы істі тоқтатуға қарсылық білдірді

Сотқа Өмірбек Жампозовтың ресми өкілі ретінде енді оның ұлы Асылжан Жампозов қатысатын болды. Бұған дейінгі сотта судья адвокат Бақыт Қайыржановтан қылмыстық істің Өмірбек Жампозовқа қатысты эпизодтарын жабуды ұсынған болатын. Бірақ бүгін сотта Асылжан Жампозов істің әкесіне қатысты эпизодтарын қарауды тоқтатуға қарсылық танытты. Ол әкесінің өліміне байланысты оған қарсы істі тоқтату әкесін ақтамайтынын айтты. Оның пікірінше, әкесі “кінәсіз болғандықтан өз-өзін атып өлтірген”.

Асылжан Жампозов пен бұл іс бойынша Жампозовтың өлімінен кейін жаңа тағайындалған прокурор Айымгүл Жаманбалина өздеріне іспен танысуға уақыт беруді сұрады. Судья Төлеген Тұрғынбаев оны қанағаттандырып, істі қарауды 9 тамыз күні сағат 9-ға қалдырды.

Бұл іс бойынша жәбірленуші тарап ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері сотқа келген жоқ.

Прокуратураның мәліметінше, Өмірбек Жампозов ауыл шаруашылығы министрлігі су ресурстары комитетіне қарасты “Қазсушар” кәсіпорнының директоры болып тұрған кезде, басқа лауазымды тұлғалармен бірігіп, Преображенское су торабының реконструкциясына бөлінген жалпы сомасы 620 миллион теңге сеніп тапсырылған қаражатты жаратқан. Жампозовқа 640 миллион теңгенің 120 миллионын ұрлаған деген айып тағылған.

Жампозовтың өлімінен кейін Қазақстан бас прокуратурасы “өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу” бойынша іс қозғалып, қаржы жымқыру айыбы бойныша істің қайта тергеуге жіберілгенін хабарлаған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз