Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Жамбылдағы жазғы лагерьде балаларға діни дәрістер жүргізіліп келген

Демалыс орталығының атын жамылған ұйым, аталған ауылдағы «Ханафи» мешітімен бір аулада орналасқаны анықталды. Онда кәмелет жасына жетпеген 50-ден аса балаға діни әдебиеттерден дәрістер оқытылып келген. Ал балалардың басым бөлігі сортөбелік дүнген ұлтының жеткіншектері екені белгілі болды.

“50-ден аса баланы оқытқан Қордайдағы мекеме басшысының лицензиялық рұқсаты болмаған. Әрі діни дәріс жүрізуге қатысты белгіленген біліктілік талаптарына жауап бере алмайды. Осы дерекке қатысты ұйым басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Енді оған бұл бағытта ары қарай сабақтар өтуге тыйым салынды”, – дейді Жамбыл облыстық прокуратурасының бөлім бастығы Бақтияр Шаисламов.

Ал Меркі ауданы Сұрат ауылындағы жазғы лагерьде 6 мен 17 жас аралығындағы 30 балаға діни дәрістер жүргізілгені анықталды. Сол жерде «Шымкент және Тараз епархиясының Рождество Пресвятой Богородицы храмы приходы» деп аталатын діни бірлестік басшысы ұсталған. Тексеріс кезінде Байзақ ауданында да бір азамат адамдарды заңсыз дінге тартқаны үшін қолға түсіпті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз