Жамбыл облысында 50 жастағы мектеп қызметкері ағаштан құлап, көз жұмды. Оқиға 30 қаңтар күні Байзақ ауданына қарасты «Дихан» тірек мектебінде болған. Марқұм мектепте еден жуушы болып жұмыс істегенімен, іс жүзінде күзетшінің де міндетін атқарған. Ол жұмысқа тек кешкі уақытта келетін.
«Қайғылы оқиға болған күні оны мектепке әдеттегіден ертерек шақырып, ағаш кесуге жіберген. Бірақ ресми нұсқаға сәйкес, оның үстіне ағаш құлаған», – дейді ауыл тұрғындары.
Облыстық білім басқармасы бұл жағдайды растады. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.