Қайғылы жағдай Жаңатас қаласындағы «Қазфосфат» зауытына тиесілі «Көксу» кен орнында болған.
Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.
Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға бұзылған ауыр техниканы жөндеу барысында болған. Яғни «БелАздың» жүк көтергіші кенеттен өздігінен көтеріліп, жоғары кернеулі электр сымына ілініп қалған. Тоқ ұрған жүргізуші тірідей жанып кетсе, техника бірден өртке оранған. Осы маңда жүрген тағы екі жұмысшыны да тоқ ұрып ауруханаға түсті. Жансақтау бөліміне жатқызылған науқастардың қазір беті бері қараған. Ал оқыс оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.