Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Жамбыл облысында той кортежінің кесірінен жапа шеккен әйел хәл үстінде жатыр

Дәл осы 27 жастағы жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, оның жатқан палатасының алдына күзет қойылды. Ол енді 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, жұма күні Меркі ауданының Сыпатай батыр ауылы маңында жол апаты болған еді. Үйленіп жатқан екі жасты үйінен әкетуге кетіп бара жатқан Геленваген, жүйіткіген бойда қарсы бетке шығып кетіп, ВАЗ-2114 көлігіне бетпе-бет соғылған.

Артынша тіпті жол-патрульдік полициясының машинасына ұрылған. Тәртіп сақшылары аман қалса, бірінші соққан көліктің 24 жастағы жүргізушісі мен оның бір жарым жастағы баласы және 55 жастағы анасы сол жерде жан тапсырған еді. Қазір марқұмның әйелі мен тағы бір туысы ауруханада хәл үстінде жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз