Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Жамбыл облысында студенттер жатаханасы мәселесі қалай шешіліп жатыр?

265

«Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Бес әлеуметтік бастаманы іске асыру бойынша «Азаматтық бақылау» қоғамдық мониторингін жүргізу» атты грантының жеңімпазы атанып, аталған грант бойынша республика көлемінде бірқатар жұмыстар жүргізді.

Айта кету керек, жоба ҚР Ақпараттық және Қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен іске асып отыр.

“Жоғарғы білім алудың қол жетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатаханадағы жағдайын жақсарту” — Жамбыл облысында шешімін табуы тиіс әлеуметтік мәселелердің бірі де, бірегейі.

Өңірде жүргізілген сауалнама бойынша, 68,6% адам “Бұл бастама білім беру сапасын жақсартуға тікелей әсер етеді, өйткені студенттер тұру және тіркеу мәселесіне алаңдамайды” деп көрсетсе, 25,8% жатақхана құрылысы процессі ұзаққа созылуы мүмкіндігін көрсетеді. Қалған 5%-ы студенттердің баспанасы білім берудің басты шарты еместігін көрсетіп отыр.

Әлеуметтік бес бастаманың орындалуы бойынша облыстық тәжірбиелік конференция барысында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жамалов Елбасы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуінде жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, студент жастарды жатақханамен қамтамасыз ету мақсатында облыста бірқатар жұмыстардың атқарылып жатқанын мәлімдеген еді.

– Студенттерді жатаханамен қамтамасыз ету мақсатында инвесторлармен айтарлықтай жұмыс жүргіздік. Сондай-ақ Атамекен кәсіпкерлер палатасында жиналыстар өтіп, «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамдық тарапынан мамандар кездесулер ұйымдастырылды. Елбасының аталған Үндеуіндегі мақсат-міндеттер бойына М.Х.Дулати атындағы ТарМУ тарапынан 500 орындық бір жатақхана салу жоспарланып, бүгінде оның құрылысы басталып кетті. ТарМПУ бойынша жатақхананың жобасы дайын. Тек оны салатын жер мәселесі шешілсе болды. Ол да әне-міне шешіліп қалу қажет.

Сондай-ақ облыс басшылығы ТИГУ бұрынғы «Тараз» қонақ үйін сатып алу арқылы жатақхана мәселесін түбегейлі шешкелі отыр. Яғни, аталған қонақ үйді 500 студентке шақтап, ғимаратқа жаңғырту жұмыстарын жүргізуде.

— Ал колледждерге келетін болсақ, облыс орталығында Жамбыл медициналық колледжі мен Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледждері жатақхананы қажет етеді. Нақтырақ айтқанда, аталған екі колледжге 650 орындық жатақхана қажет. Бүгінде ол мәселені шешу үшін инвесторлармен жер мәселесі мен қаржы мәселесін шешу үшін келіссөздер жүргізіліп жатыр. Демек, аталған жұмыстар келесі жылы басталып, жаңа оқу жылына дейін бітуі керек, — деді Талғат Салқанұлы

Сондай-ақ Меркі ауданындағы №9 колледжге де 100 орындық жатақхана салу қажеттігі туындап отыр. Құрылысқа инвестор табылып қойды. Жұмыстар жер мәселесі шешілгеннен кейін басталмақ. Жұмыс жаңа оқу жылына дейін толық аяқталуы тиіс. Демек, келер жылы колледждерде екі жатақхана пайдалануға берілетін болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз