Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
21
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Жамбыл облысында дәрігерлер жол апатына түскен қыздың қолын кесуге мәжбүр болды

Кенеттен халі нашарлап, жансақтау бөліміне ауыстырылған тағы бір науқастың бұғанасы сынған болатын. Дәрігерлер оны ертеңгі отаға дайындап жатыр. Бірақ ақ халаттылар жігіттің өміріне еш қауіп жоқ деп сендірді. Осында жатқан тағы 6 емделушінің де жағдайы қалыпты.

Сауыққандары енді біртіндеп үйлеріне жіберілмек. Естеріңізге салсақ, кеше Алматыдан Шымкентке бара жатқан жолаушыға лық толы автобус Таразға кіре берісте аударылған еді. Апаттан бір адам қаза тауып, 31 –і зардап шекті. Автобустың 28 жастағы жүргізушісі болса, ұсталып, тергеле бастаған болатын. Ал бүгін ол үйіне жіберілген. Енді шымкенттік жүргізуші Таразға тергеушілердің шақыртуымен іс аяқталғанша келіп-кетіп тұрады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз