Жамбыл облысында ірі көлемдегі малды сатып, ақшасын құмар ойынға жұмсаған бақташы сот алдында жауап берді. Тұрар Рысқұлов аудандық соты мал сеніп тапсырылған ер адамға қатысты үкім шығарды.
Тергеу дерегінше, фермер А. мен бақташы С. арасында еңбек шарты жасалып, оған 63 сиыр мен 423 қой берілген. Алайда малшы бұл сенімді ақтамай, 2024 жылдың қыркүйегінен бастап 2025 жылдың қаңтарына дейін 200-ге жуық малды жасырын сатып жіберіп, 14,5 миллион теңгені толығымен құмар ойынға салып жіберген.
Сот С.-ны үш жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті. Сонымен қатар ол жыл сайын 100 сағаттық мәжбүрлі еңбекке тартылатын болды.