Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Жамбыл облысы тұрғындарының 4 пайызы мүмкіндігі шектеулі жандар

«Мемлекеттің әлеуметтік саясаттағы негізгі бағыттардың бірі мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын жақсарту, – деді ол.

«ҚР Мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау туралы» ҚР заңындағы талаптарды орындау үшін республикалық, облыстық және жергілікті бюджеттен 1,2 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаражаттың көмегімен 12 579 адамға қолдау көрсету көзделген. Соның ішінде 9 334 әлеуметтік қолдау көрсетілді. Бұл сурдо-тифло және протезді-ортопедиялық, гигиеналық құралдар, арбалар, санаторлық-курорттың емделу, жеке көмекші мен ым-ишарат тілі маманының қызметтері, арнайы әлеуметтік қызметтер»,-деді Баубеков.

Спикер тәуелсіздік жылдары өңірде арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдар желісі кеңейгенін атап өтті. Стационарлық типтегі 2 мекеме, 5 жартылай стационарлық мекеме, 2 уақытша жату мекемесі, үйде қызмет көрсететін 19 бөлімше ашылды. Бөлімшелерде жыл сайын 3,5 мың адамға қолдау көрсетілді.

Ж. Баубеков соңғы жылдары мемлекетік және үкіметтік емес секторлар мүгедектердің өмірін жақсарту мәселесі бойынша ынтымақтастықты нығайтқанын айтты. 2011 жылдан бюджеттен бөлінген 340,2 млн. теңге арнайы жобалар аясында 5 334 арнайы әлеуметтік қызметпен қамтылды.

«2013 жылдан бері облыс бойынша бейімделуі тиіс 904 нысанға паспорт жасалды, ал жергілікті бюджеттен бөлінген 176,3 млн. теңгеге 524 нысанды бейімдеу бойынша жұмыстар жүргізілді», – деді спикер.

Статистикалық мәліметтерге қарағанда, бүгінде Жамбыл облысы тұрғындарының саны 1,111 млн. адамға жетті.

0_2eb8d_7914fc0c_orig

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз