Жалған ақпаратқа қарсы күрес орталығы кликбейт, манипуляциялық әдіс-тәсілдер мен ақпаратты бұрмалау мәселелеріне арналған жаңа шығарылым дайындады.
Материалда:
Назар аудару феномені ресурс ретінде жеке қарастырылған. Қазіргі заманғы медиа кеңістігінде аудиторияның назары арандатушы форматтар мен эмоционалды контентті қолдана отырып, белсенді түрде сатылатын өнімге айналды. Осы үдерістерді түсіну ақпаратты саналы түрде қолдануға және манипуляцияға ұшырау қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Бұл шығарылым ақпараттық сауаттылықты арттыруға және медиа контентті сыни қабылдау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.