Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
4
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Жалақыны өсірді, сыйақы беретін болды”. Қарағандыда ереуілдеген кеншілер үйіне оралды

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ басшылығының шешімімен көмір департаментінің барлық жұмысшылары айлық жалақы көлемінде біржолғы сыйақы алатын болды. Шахтерлерге жұмыс беруші жерастында істейтін жұмысшылардың барлығының жалақысын 30 пайызға көтеруді ұсынды. Ал көмір кәсіпорындарының жерүсті жұмысшыларының жалақысын арттыру мөлшерін келісім комиссиясы айқындайды.

Шахтинск қаласының прокуроры осы еңбек дауын ұйымдастырғаны үшін қылмыстық қудалаудан босатуға кепілдік берді. Бұдан тыс, прокуратура қажет кезінде осы мәселеде құқықтық қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. Кеншілер жұмыс берушімен келіссөздерді келісім комиссиясының аясында жүргізеді. Оның құрамына бастамашыл топтардың мүшелері, прокуратура қызметкерлері, шахталардың директорлары, сондай-ақ кәсіподақ комитеттерінің, облыс және компания басшылығының өкілдері кіреді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз