Үкімет Алматы облысы Кеген ауданының Жалағаш ауылында спорт кешенін салуға 1,1 млрд теңге бөлді. Жоба «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң шеңберінде іске асырылуда. Президенттің тапсырмасы бойынша Арнаулы мемлекеттік қордағы қаражат өңірлердегі әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысына бағытталады.
«Жалағаш ауылдық окгругі Кеген ауданындағы екінші үлкен округ. Оның құрамына Тоғызбұлақ, Жайдақбұлақ, Жалағаш ауылдары кіреді. Жалпы, мұнда 4822 адам тұрып жатыр. Ауылымызда қазір спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы бойынша жұмыс жүргізілуде. Ол үшін 1,5 га жер бөлінді. Спорт кешені біздің ауылдың дамуына қосылған үлкен үлес деп білеміз», – дейді Жалағаш ауылдық округінің әкімі Айгүл Садырова.
Спорт кешені жалпы дене шынықтыру дайындығы бойынша оқу-жаттығу сабақтарына және жарыстар өткізуге арналған. Жобада бокс, күрес және басқа да спорт түрімен айналысуға арналған бірнеше зал қарастырылған.
2024 жылы Қазақстанда барлығы 90 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды, олардың басым бөлігі ауылдық жерлерде. Бұдан басқа, Үкімет 2025 жылдың соңына дейін спорттық инфрақұрылымға ауқымды түгендеу бағдарламасын іске асыруда: 113 жаңа нысан салу және жұмыс істеп тұрған 26 спорт мекемесін реконструкциялау жоспарлануда.
Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, спорт кешені жалпы дене шынықтыру дайындығы бойынша оқу-жаттығу сабақтарына және жарыстар өткізуге арналған. Жобада бокс, күрес және басқа да спорт түрімен айналысуға арналған бірнеше зал қарастырылған.