Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Жақсылық Үшкемпіров туралы фильмге кастинг жарияланды

Фильмнің режиссерлері – Бақыт Қайырбеков пен Алексей Каменский.

«Қазақфильм» киностудиясы аталған жобаға басты және эпизодтағы рөлдердегі актерлер кастингін жариялайды. Талап бойынша, аталмыш картинаға 5-7 жас аралығындағы ұл балалар (жүзе біліп, атқа міне алуы қажет), 9-15 жас аралығындағы қыз балалар, 15-29 жас аралығындағы арықтау келген жас спортшылар (күресе білуі қажет), 30 дан 60 жасқа дейінгі спортшы ер адамдар (күресе білу қажет), 18-22 жас аралығындағы студент қыздар мен 20 дан 60 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер керек.

 

 

 

 

https://kaz.365info.kz/taldy-or-anda-tuymyz-92-metr-biiktikte-zhelbiredi-208971

Жақсылық Үшкемпіров туралы фильмге кастинг жарияланды «Кастингке қазақ тілін меңгерген барлық ұлт өкілдерін шақырамыз.

Барлық үміткерлер өздері туралы анкеталық ақпаратты (аты-жөні, жасы, бойы, салмағы, кинодағы тәжірибесі, байланыс телефондары) толтырып, сондай-ақ, фотоға түсіп (тұла бойы, ірі планда анфас және ірі планда профиль) e-mail: mergen_kasting_kz@mail.ru электронды поштасына жіберулері қажет», – делінген хабарламада.

Түсірілім тобының талаптарына сәйкес келген үміткермен кастинг-директор өзі хабарласып, актерлік сынаққа шақырады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз