National Geographic Food басылымының жаңа нөмірінде жақсы ұйықтауға көмектесетін негізгі тағамдар тізімі шығады. Бұл жөнінде Lenta.ru хабарлайды.
Басылым жақсы ұйқы үшін магний және триптофанға бай мынадай азықтарды күні бойы жеуді ұсынады: ашытқы сығындысы, күркетауық филесі, банан, бадам (миндаль) жаңғағы және сұлы үлпегі.
Бұл тағамдар сонымен қатар ұйқы гормоны мелатониннің бөлінуіне жағдай жасайтын триптофанға да бай.