Кеше әкім орынбасары өткізген бір жиналысқа қатыстым. Бізде қай жиналыс уақытында болады дейсің?
Бір сағаттай тостық. Төрдегі бес креслоға қарап уақыт өткізуге тура келді. Басқарма басшысының көмекшісі жас жігіт пен тағы бір екі жігіт жаңағы бес кресломен алысып, әуреленумен болды. Біресе алып тастайды, біресе қайтадан қояды.
Кезек-кезек креслоға салмақтап отырып көреді. Содан соң қайта орындарын ауыстырады. Өздерінің іістеріне қымсынбайды да. Оларды қайдам, өзім жаман қорландым. Сол жігіттер үшін ұялдым. Сіздер қалай ойлайсыздар? Жағымпаздықтың да шегі бар емес пе?
Ернұр Омарханов
Фейсбуктегі парақшасынан