Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Жабысып өлді…”. Мемлекеттік бағдарламамен үй алған отбасында трагедия болды (видео)

122

Сүртіп жатып, құбырға жабысып қалған. Осы кезде қызымның қасында келінім болған. Келінім қатты дауысы шыққан қызымды тартып алмақшы болғанда оны да тоқ ұрған.

Кейін қызымды төбеден жерге түсірген”, — дейді марқұмның әкесі Бауыржан Нәлібаев.

https://kaz.365info.kz/mynau-abyroj-goj-elbasy-onirlerdin-astanaga-tartkhan-syjy-ishinen-shymkenttikin-ynatty-323581

Тоқ ұрған жеткіншектің туыстары алғашқыда қыздарының өліміне сенбепті. Тіпті

олар 15 жастағы Арайлымның денесін көтеріп, далаға шығарып, қайта тіріліп кете ме деген үмітпен топыраққа көмген.

“Негізі пендеміз ғой, тоқ ұрған адамды жерге көмсе, жер тоқты өзі тартып алып кетеді деген үмтте болдық. Бір күн бойы күттік. Мерт болғанына толық көзіміз жеткен соң, ертесіне тергеушіні шақырып денесін мәйітханаға тапсырдық”, — дейді әкесі.

Көп қабатты үйде тұратын тұрғындардың айтуынша, бұл алғашқы қайғылы жағдай емес. Осы үйдегі бірнеше тұрғынды тоқ ұрып, мерт бола жаздапты. Өмірлері үшін биліктен араша сұраған тұрғындар, нәтиже шықпағанын айтып шарқ ұрды. Былтыр ғана баспанаға қол жеткізгендер үйлерін тастап кетейін десе, баратын жерлері жоқ, оған жылдар бойы төлейтін несиелерін тағы қосыңыз.

https://kaz.365info.kz/bajbek-afrikanesti-korset-almatydagy-alyp-tiinge-zhemkhor-degen-at-berildi-foto-323454

“Талап ететінбіз, бізге қауіпсіз жағдай жасап берсін. Бір күні тағы біреуіміз кетіп қалармыз. Бұл жақсы емес. Оларға не тұрады? Біз соны талап етеміз”, — деп шағымданды Түркістан қаласының тұрғыны Гүлзада Мырзабекова.

Бұл талаптарын үйді тұрғызған мердігер “Атаев” ЖШС-нің басшысына төтесінен қойған. Олар қандай да бір нәтиже шығарудың орнына жауаптан жалтарған. Ол аздай, қайғыдан қан жұтқан отбасыға көңіл де айтпаған.

Тұрғындардың бұл күдігі бекер емес.

https://kaz.365info.kz/shashty-boyau-kerek-koreyada-zhymys-istegen-myrat-oz-tazhiribesimen-bolisti-video-323545

15 жасар Арайлымның электр жарақатынан қайтыс болғанын дәрігерлер растап берген. Дегенмен оқиға орнында тексеру жұмыстарын жүргізген мамандар көп қабатты үйдегі электр жүйесінен ақау таппапты.

Жұмбақ жағдайда қаза тапқан жеткіншектің ісі бойынша ІІД тексеру жұмыстарын жүргізуде. Құзырлылардың тексерісінен кейін бұл оқиғаның нақты мән жайы белгілі болмақ. Ал айдың күннің аманында перзентінен айырылып қалған отбасы тексеру жұмыстарының ашық жүргізілуін талап етіп отыр. Марқұм жеткіншектің отбасына қалалық әкімдік тарапынан материалдық көмек берілетін болыпты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз