Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Зейнетақыны қайтадан есептетуге болмайды”. Маман 1-шілдеге дейін үлгеріп қалуды айтты

155

Айта кетелік, осы жылдың 1-шілдесінен бастап зейнеткерлердің зейнетақысы көбейеді. Себебі, базалық зейнетақы қайтадан есептеліп, жаңаша форматпен тағайындалады. Бұл өзгеріс зейнетақы алатындарға да, болашақ зейнеткерлерге де қатысты.

“Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу” орталығы ОҚО филиалы директорының орынбасары Несібелі Қаражанованың айтуынша, енді базалық зейнетақының мөлшері — ынтымақты және жинақтаушы жүйеге қатысу кезеңіне сәйкес болмақ. Яғни, 1998 жылға дейiн жиналған еңбек өтiлi мен 1998 жылдың 1-қаңтарынан кейiн зейнетақы жүйесiне аударылған зейнетақы жарналарына негізделіп тағайындалады.

https://kaz.365info.kz/kelesi-zhyly-zejnetakhy-osedi-osylaj-degen-ministr-dyjsenova-khandaj-khulykhkha-bardy-286649

Айта кетейік, 1998 жылдың 1-қаңтарына дейін тағайындалған базалық зейнетақы зейнеткердің іс-құжатында бекітілген стажына сәйкес қайта есептеледі.

Базалық зейнетақы стажға қарай қалай есептеледі?

Еңбек өтілі 10 жыл және одан кем болса, оларға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 проценті тағайындалады. Еңбек өтілі 10 жылдан асатындарға әр жыл үшін 2 процент үстеме қосылады. Егер еңбек өтілі 20 жыл болса, ең төменгі күнкөріс деңгейінің 74 проценті, ал еңбек өтілі 35 жыл болса, базалық зейнетақы 100 проценті көлемінде болады екен.

– Мәселен, 1998 жылдың 1-қаңтарына дейін — 15 жыл, содан кейін — 16 жыл жұмыс істесе, базалық зейнетақы тағайындау үшін жалпы — 31 жылдық еңбек өтілі қабылданады. Бұл жағдайда (31 жыл) 10 жылы үшін зейнеткер кепілдендірілген 54 процентке ие болады. Қалған 21 жылы үшін оған 2 проценттен 42 процент қосылады. Осылайша, 31 жылдық еңбек өтілі бар зейнеткер 54-ке 42-ні қосқанда, ең төменгі көрсеткіштің 96 процентін (шамамен 27153 теңге) алады. 1998 жылдың 1-қаңтарынан кейінгі еңбек өтілі жинақтаушы қорына аударылған зейнетақы жарналарының 10%-ның түсуіне қарай есептеледі, — дейді Несібелі Қаражанова.

Айтпақшы, есептеудің жаңа әдісі бойынша жеңілдік шартпен зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлер, яғни 5 және одан да көп баласы бар аналар, Семей полигоны аймағында 1949-1963 жылдар аралығында кемінде 5 жыл тұрған азаматтарға базалық зейнетақы 63 жасқа толғанда ғана тағайындалады.

https://kaz.365info.kz/zhakhsy-zhanalykh-tomen-zejnetakhy-alyp-otyrgan-adamdarga-khatysty-adildik-ornajdy-285874

Сондай-ақ маман:

„Базалық зейнетақыны қайта есептеу кезінде басынан ешқандай құжаттар қабылданбайды. Барлық мәлімет базада толық сақталған. „Зейнетақым дұрыс есептелмеді” деп оны қайтадан есептетуге болмайды. Бұл өзгертілмейді„, – дейді.

Әзірден мына құжаттарды құнттаңыз

Алайда жоғарыдағы ескерту 1-шілдеден кейін зейнетке шығатындарға қатысты емес. Ертеңгі күні зейнетақыдан қағылғыңыз келмесе, әзірден бастап құжаттарыңызды құнттаңыз.

Бұл үшін:

1. 1998 жылға дейінгі жинаған еңбек өтілін растайтын еңбек кітапшасы;

2. жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 1998 жылдан кейін үздіксіз аударылған зейнетақы салымдарының үзінділері қажет.

Бұдан бөлек зейнетақыны тағайындау үшін:

1. Жеке бас куәлігі;

2. Мекенжай анықтамасы;

3. Банктегі есепшот нөмірі;

4. Жұмыс орнынан табысты растайтын анықтама;

5.Әскери билет;

6. Балалардың туу туралы куәлігі;

7. Неке қию туралы анықтама;

8. Жалпы орта білім туралы аттестат;

9. Диплом сұрайды.

Бала күтімі еңбек өтіліне жата ма?

Бұл сауал да көпті жиі мазалайды. Әсіресе әйелдер қауымын.

https://kaz.365info.kz/biry-aj-zhina-taushy-zejneta-y-oryny-basshysy-men-orynbasarlary-staldy-244514

Несібелі Қаражанованың айтуынша, бала туып, үйде отырған келіншектерге уайымдауға негіз жоқ. Себебі, бала тууға және оның күтіміне байланысты заңды түрде жұмыстан шыққан азаматшалар мен декрет демалысында отырған әйелдердің 3 жылы еңбек өтіліне жатады. Егер әйел бала күтіміне байланысты 12 жылға дейін заңды түрде еңбек қатынасында болмаса, барлық баласының арасы — 3 жастан аспаған жағдайда осы аралық оның еңбек өтіліне есептеледі.

— Мәселен, бала күтімі үшін алынған еңбек өтілі 01.01.98 жылға дейін 7 жыл болса және әйелдің 10.05.1999 және 14.10.2001 жылы туған балалары болған жағдайда осы жылдар бала күтімі үшін 12 жылдан аспайтын еңбек өтілі болып есептеледі. Ал 1998 жылға дейін туған балалар үшін 7 жыл еңбек өтілі болып есептелінеді. Ал декрет демалысындағылар үшін мүлдем басқа. Жұмыс істеп декрет демалысына шыққан әйелдерге бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты зейнетақы жарнасы аударылады. Жалпы міндетті жарнаның бір бөлігін мемлекеттік сақтандыру қоры аударса, қалғаны республикалық бюджеттен субсидияланады. Бұл әйел бала күтімімен декрет демалысында отырған жылдары (3 жылдан аспауы керек) еңбек өтіліміне саналады деген сөз,- дейді маман.

Бас бостандығынан айырылғандар ше?

Ел арасында “бас бостандығынан айырылған азаматтардың түзету мекемесінде өткізген жылдары еңбек өтіліміне есептеледі” деген түсінік бар. Несібелі Қаражанованың сөзінше, бас бостандығынан айырылған уақытты еңбек өтіліне есептеу “ҚР Зейнетақымен қамсыздандыру” туралы Заңында қарастырылмаған. Сондықтан да, түзету мекемесінде өткізген жылдар еңбек өтіліміне есептеледі деген ой қате. Ал әскерде болған кезі міндетті түрде еңбек өтілі ретінде саналады екен.

Айтпақшы…

1-шілдеден бастап мүмкіндігі шектеулі жандардың отбасына қатысты да өзгеріс енеді. Кәмелет жасына толған, І-топтағы мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына не қамқоршыларына мемлекеттік жәрдемақының жаңа түрі төленеді. Мөлшері шамамен — 30 мың теңгені құрайды. Айта кетейік, бұған дейін қаржылай қолдау — 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі баланың ата-анасына не қамқоршысына ғана беріліп келген. Оның мөлшері — 29 мың теңге болатын.

https://kaz.365info.kz/otirik-bari-eks-ministr-kharagysova-zhalakhyga-khatysty-symdykh-malimdeme-zhasady-301102

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз