Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Өзбекстанда президент сайлауына мерзімінен бұрын дауыс беру басталып кетті

Өзбек елінің заңы бойынша,

мерзімінен бұрын дауыс беру сайлауға 10 күн қалғанда басталады және 1 күн қалғанда аяқталуы тиіс.

Бұл кезде сайлау учаскелерінің жұмыс істейтін уақытын округтік сайлау комиссиялары белгілейді. Мерзімінен бұрын дауыс беру үшін сайлаушылар тұрғылықты жері бойынша учаскелік комиссияға жазбаша өтініш беріп, сайлау күні дауыс беруге не себепті келе алмайтынын көрсетуі тиіс.

Жалпы, Өзбекстанда сайлаушылар тізіміне 21 млн 435 мың дауыс беруші енген. Республика бойынша 9378 сайлау учаскесі жұмыс істейді, оның ішінде 44-і 28 елдің дипломатиялық өкілдіктерінде болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз