Отандық әнші Заттыбек Көпбосынұлы Шымкент төрінде 800-дей қонақтың басын қосып, дүркіретіп той жасады.
Себепкер болған әкесінің 80 жасқа толуы мен қызы Айзеренің тілашары.
Тойға келіп, қызықшылығын бірге бөліскен әншінің әріптестері Ғани мен Бота ақ тілектерін әлеуметтік желідегі парақшаларында да жаудырып жатты.
“Сәттібек қайным, (есімін атамаймын, себебі сәлем саламын). Асқар тау Әкешіңнің мерейлі 80 жасы құтты болсын! Тек қана зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілейміз. Басқасының бәрі бар ғой деп ойлаймыз. Зере қызымыз да зерек болып өсіп келе жатыр Аллаға шүкір, 6-ға толып биыл мектеп табалдырығынан аттағалы жатыр екен. “Тілашар” тойы да құтты болсын! Әлия екеуіңе бар жақсылықты тілейміз! Әрқашан да тілеулеспіз! Осы әдемі шаңырақтарыңда тек қана жақсылық, қуаныш, той болсын! Аман болыңдар! Тағы да xиттер күтеміз!”,-деп жазған ол парақшасында.
“Құдай берген менің байлықтарым! Әкем 80 жасқа, қызым 6-ға толды бүгін. Екеуіне бүгін той бердік. Ниеттес, тілектес болып тойға қатысқан барлық жақындарыма жаратқан ием жар болсын. Сіздердің де тәңір тілеулеріңізді берсін!”,- деп тойға келген барша қонақтарға алғысын білдірген.