Барша әлемге жан айқайын жеткізуге тырысқан қазақстандық өнерпаздардың туындысы Интернетте кеңінен тарап жатыр.
Видеода қобыздың зарлы әуеніне сор боп тартылған Арал теңізін құтқаруға келген су аруының жанталасы көрсетіледі. Арал теңізінің қорқынышты тағдырын қорқынышты бимен сомдауға балет артисі Досжан Табылды мен “Биле, Қазақстан” байқауының қатысушысы Бақытнұр Дүйсенбаева ат салысқан.
“Аралдағы экология – кез келген қазақстандық үшін маңызды мәселе. ХХ ғасырда орын алған трагедия менің де жүрегімді қарып өтті. Сол себепті, біз бұл мәселеге қазақстандық және әлемдік экологтардың назарын аударту үшін музыканы пайдаландық”, – дейді Досжан Табылды.