ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ҚР ішкі істер министрлігі бірлесіп, Қызылорда аумағында мұнай және мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдап, сатқандарды құрықтау операциясын жүргізді.
2017 жылдың 17 мамырында Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Қызылорда облысының аумағында мұнай және мұнай өнімдерін заңсыз сатып алуға, тасымалдауға, сақтауға және сатуға қатысы бар бірнеше қылмыстық топ әрекетінің жолын кесу бойынша ауқымды арнайы операция бастады.
https://kaz.365info.kz/t-rt-a-ajyndy-ylmysty-top-a-tau-men-almatyny-stap-t-rypty-240657
Нәтижесінде Қызылордада, Таразда және Шымкентте қылмыстық топтың 8 мүшесі ұсталды.
«КАИС-сервис» ЖШС (Қызылорда қ., асфальт шығаратын зауыт) және «Қарамай Ойл» ЖШС ( Тараз қ., мұнай терминалы) сынды кәсіпорындармен қатар жекелей 21 тінту жүргізілген
Сондай-ақ Қызылорданың көлік прокуроры Н. Серікбаев та ұсталды.
https://kaz.365info.kz/a-t-bedegi-m-naj-rly-y-ylmysty-top-ramynda-y-or-au-kilderi-de-bar-bolyp-shy-ty-241073
Оған қылмыстық жолмен табылған мұнай бизнесіне қолдау көрсетті деп күдік келтіріліп отыр.
https://www.youtube.com/watch?v=RtJ8yZ1wUcw