Аша Матайдың жетекшілігімен өтетін “Қалаулым” бағдарламасы көрерменге жол тартысымен, елді біраз шулатқан еді. “Мұздаған жүректерді қосамыз”, деп ұрандатқан бағдарламаның ішінде біраз ұрыс, төбелес, бейәдеп сөздер орын алып жатады. Және мұның бәрі үш сағатқа созылатын тікелей эфирде.
Бағдарламаны біраз күлкі етіп, “Алдараспан” театрының мүшелері сахнада қойылым қояды. Баяғы атышулы Замираның айқайын келтіріп, елді біраз күлдірткен еді.
“Құдды қалаулым болып жатқандай”, “айнытпай салыпты”, “Тука қалаулымда жүр ма”, деп пікірлерін жаудырды өз кезегінде желідегілер.
https://www.instagram.com/p/BecjYtsFNja/?taken-by=kaz_zhuldyz
https://kaz.365info.kz/ottamasyn-dedi-tuka-tojdy-khalaj-zhyrgizedi-video-249596