Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

«Замандас 21» клубының балалары ұлттық теннис құрамасымен күш сынасты (фото)

101

Құраманың жетекші ойыншыларының бірі Михаил Кукушкин бұндай кездесулер болашақ жеңімпаздарды даярлауда үлкен маңызға ие екендігін атап өтті. Сонымен қатар ол өз тәжірибесімен бөлісіп, спортқа деген қызығушылықты ертеден оятқан жөн дейді.

 

«Мұндай іс шараларға әрдайым ерекше ілтипатпен қатысамын. Балалармен ойнау қызықты, әрі бізді де, оларды да шаттыққа бөлейді. Ұмытылмас әсер қалдырады. Осылайша жеткіншектерді спортқа баулимыз. Өзім тенниске алты жасымда келдім, әкем жаттықтырушы болған. Менің ойымша, тенниске, жалпы спортқа 5-6 жастан берген дұрыс» – дейді спортшы.

Бүгінгі күні елімізде 6 мыңға жуық бала бұл спорт түрімен айналысады. Ұлттық теннис орталығында тақілеттес шеберлік сағаттары екі жылға жуық уақыт тұрақты өткізілуде. Балалар спортшылармен бірге жаттығып, тіпті жекелей ойындар да өткізеді. Кездесу соңыңда барлығы сүйікті теннисшілерімен суретке түсіп, қолтаңбаларын алу мүмкіндігіне ие болды.

Естеріңізге салсақ, алдағы уақытта жерлестеріміз Аргентинамен бақ таластырады. Сондықтан болар спортшылар ізбасарларымен ойнап, көңіл-күйлерінің көтерілгенін жасырмады. Әрі бұл кездесу жеңіске деген сенімділіктерін де арттырған.

Қазақстан құрамасының теннисшісі Андрей Голубев, алдағы ойынның күрделі болатынын айтты.

«Аргентинаға қарсы ойын қиындау болмақ. Біздің үйде ойнайтынымыз жақсы, статистика да тұрақты жеңістерден құралған. Сол қалпымыздан таймаспыз деген ойдамын. Алаңдағы ойындарға өзім қатысамын, ал сыртта барынша қолдау көрсетемін», — деді ол.

Дэвис Кубогінің ойындары Астана қаласында 15-17 қыркүйек аралығында ұлттық теннис орталығында өтеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз