ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева Алматы облысында буындырылып өлтірілген болуы мүмкін мүгедек баланың ісіне қатысты пікір білдірді. Балалар омбудсмені бұл істі өз бақылауына алды.
Бұл туралы Today.kz хабарлады.
Балиеваның сөзінше, қазір полиция тергеу жүргізіп жатыр.
“Бәрі түсінік беріп жатыр. Бұл істі бақылауыма алдым. Интернат жабық түрдегі мекемеге жатады. Сол жақтан шыққан барлық сұрақты көтеріп, министрліктің алдына әкелу керек”, – деді ол.
“Өмірдің өзі осыны дәлелдеп тұр. Ұлттық қолдау болу керек, балалар құқықтарын қорғау мен балалар туралы бағдарлама түзу керек”, – деді омбудсмен.
Балиева іс шешімін тапқанша бақылайтынын айтты.
https://kaz.365info.kz/8-akh-zhasta-almaty-oblysynda-internat-tarbieshisi-naukhas-balany-khinap-oltirgen-308357
Естеріңізге салайық, 28 наурызда Алматы облысындағы интернаттардың бірінде мүгедек баланың қайтыс болғаны халыққа тарады. Туыстарының сөзінше, бала 21 наурызда қайтыс болған, ал оның өлімі туралы 22 наурызда хабарланған. Бала сол күні ұзақ уақыт ұйықтамаған, бала күтуші баланы тыныштандыру үшін мойнын жаялықпен қылғындырып байлап, жаялықтың екінші ұшын кереуетке жалғаған болуы мүмкін.