Нұр-Сұлтан
Қазір
-10
Ертең
-20
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

«Ұят та болса видео қойып отырмын». Белгілі журналист күйініп кетті (18+)

409

Жабылсын! Қарсымын! Нағашыбай көке, “Қалаулымның” шоу екенін білеміз. Бірақ, сол шоу жастардың санасын улап жатқанын Гитлерден бетер білетініңіз ақиқат.

Сіздің піріңіз де : “Если хочешь уничтожить нацию, испорть её женщину” – деген еврейлердің сөзін мақұлдаған. Сол “Қалаулымдағы” Замираның қандай екенін сіз менен жақсы білесіз. Осындай санасыз есерсоқтардың кесірінен қаншама жас қыздар бұзылуда. Біздің отандық арналардың эфирі ластанып бара жатқаны соншалық, кірлеп кетті. Енді сол кірді кетіру – бойында намысы бар әр Қазақтың міндеті!

Мен Қазақтың қызымын! Қазағымның өзге ұлтқа мазақ болғанын қаламаймын. Ресейдің “Дом 2”-сы мынаның жанында айналайын болып қалды. Егер өліп бара жатса барсын басқа елге сол жақтан көрсетсін.

Менің ұлтымның эфирін ластамасын! Мен қарсымын! Жапсын! “Тәйт” дейтін жасқа келген ЕЛ ағасысыз. Мынауыңызға жол болсын?! Қалжыңның да жөні бар ғой. Ұят та болса мына видеоны қойып отырмын. Ауызы лас қыз енді эфирді ластауда”, – деген Бибігүл Дәулетбекқызы шоудың атышулы қатысушысы Замираның видеосын жариялады.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар!
https://www.facebook.com/bibigul.dauletbek/videos/1820470538025178/

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз