Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ұялы байланыс тарифтері арзандатылғалы жатыр

101

Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режимдегі отырысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Динара Щеглова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта кабельдік кәріз жүйелерін жалға беру қызметтік тарифтерін, сонымен қатар ауылдарда кабельдік телефон мен интернеттің субсидияланған тарифтерін реттеу министрліктің құзыретінде. Кабельдік қызметтер заңды тұлғаларға көрсетіліп, тарифттері соңғы 2 жылдың ішінде өзгерген жоқ», – деді ол.

Вице-министрдің дерегінше, кабельдік телефон және интернет тарифтері ауылдық тұрғындарға 2013 жылдан бастап, өз құнынан төмен бағамен қызмет көрсетілді. Атап айтқанда, ауылдарда кабельдік телефон байланысы тарифі 596 теңге, ал өзіндік құны 1125 теңге, ауылдарда интернет тарифі 982 теңгеден 1964 теңгеге дейін тарифтік пакеттер бар. Ал оның өзіндік құны 2932 теңгені құрайды. «Ауылдық жерлерде осы қызмет көрсету бойынша өтемақы бюджет есебінен жасалады.

Ағымдағы жылы осы қызметтерді субсидиялауға 8,7 млрд теңге бөлінген. Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде байланыс қызметтерінің тарифтік қолжетімділік ұялы байланыс тарифтері бойынша Қазақстан 140 елдің ішінде 29-орында. Ал бекітілген кең жолақты интернет қызметтері бойынша 20-орында тұр», – деді ол.

Динара Щеглованың сөзіне қарағанда, ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасын орындау мақсатында байланыс қызметтерін төмендету бойынша министрлік «Қазақтелеком», «Транстелеком», «Қазтранском», КCell, ҚарТел, Mobile байланыс операторларымен келіссөз жүргізген.

«Нәтижесінде келесі айдың аяғына дейін қолжетімді әлеуметтік тарифтер пакетін әзірлеп, байланыс бағасын төмендету ұсынылды. Аталған тарифтік пакеттер бойынша ақпарат БАҚ-та жарияланады»,- деді вице-министр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз