Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
6
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Үстіртте тіршілік ететін қабыланға «Тау шері» есімі берілді

234
Фейсбук парақшасынан алынды

«Достар! Біздің қабыланға «Тау шері» деген есім берілді. Өткен жылы Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері фототұзаққа бірінші рет қабыланды түсіріп алған болатын. Сол тұста қорық қызметкерлері қабыланды зерттеуді бастаған. Экспедиция қорытындысы бойынша мамандар мысық тұқымдастардың сирек кездесетін түрі – алдыңғыазиялық қабыланның жүргенін растады», – деп жазады Сәкен Ділдахмет.

Осыған байланысты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті 12-16 жас аралығындағы және 16 жастан асқан оқушылар арасында «Қабыланға есім бер» атты байқау жариялаған.

Ақыры, байқау барысында 70 сурет пен 80 ұсыныс келіп түскен. «Сексенге тарта ұсыныстың ішінде төрешілер бір ауыздан «Тау Шері» деген атты таңдап алды.

Жеңімпаз – Шайыр ауылының тұрғыны Әлия Омарқызы. Байқауды өткізуде бас демеуші Қазақстан биоәртүрлілігін сақтау қауымдастығы болды», – дейді Сәкен Ділдахмет.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз