Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
17
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Ұстаздарды газетке мәжбүрлеп жаздыртуды тоқтату керек

5053

Онсызда айлығы көп емес мұғалімнің  əрқайсысын жазылу кезінде 10 мың теңгеден жоғары суммаға  жазылуға мәжбүрлейді.

Жазылмайын десе, директор ұрсады. Ал директорға ұрсатын кім? Әрине, бұл соңғы кезде пайда болған үрдіс емес. Бұрыннан бар.

Бірақ заман өзгерді, технология өзгерді, заң өзгерді. Үш тілдік, электронды оқыту, жаңа мазмұн, белсенді ата-аналар, талабы мол оқушылар… Бұндай жағдайда жұмыс жасау оңай емес…

Ұстаздардың жауапкершіліктері артып, оларға қойылатын талап күшейсе де жалақысы өскен жоқ. Ал сол онсыз да аз мөлшердегі ақшаға қоғамның қол сұққаны қаншалықты дұрыс?

Жеме жемге келгенде, бұл заңсыз әрекет. Газет шығарып, тарату – тек ақша емес, бұл идеология құралы деп айтамыз. Бірақ сол идеологияны тек ұстаздардың арасында жүргізү керек пе?

Қанша кездестім, сол мұғалімнен артық мемлекеттің саясатын қолдаушыларды көп көрмедім. Қалғандары алдымен соларға жетіп алсын.

Ал дәл сол ұстаздарға ақпарат тарату қажет болса, мектептің кітапханасында бір екі данасы бар. Кезекпен оқуды ұйымдастырайық. Үнемдеген ақшасына балаларына тамақ алсын. Қоғамға ұстаздардың газет оқығаны керек болса, бюджет арқылы тегін таратайық.

Тағы да бір ескеретін жағдай – бұрынға қарағанда, қазір интернет бар емес пе. Барлық ұстаздардың үйінде ғаламторға қосылған компьютер бар деп ойлаймын, онсыз сабаққа дайындалу қиындау. Оған ай сайын ақша төлейді, сол жерден қажетті ақпаратты тауып алады. Газеттердің сайты бар. Қосымша ақшаға сатып алу қажеттігі жоқ?

Газет шықаннан кейін, ауылға 3-4 кун жиналып, бірақ келеді. Ол кезде бүкіл жаңалық ескеріп кетеді. Теледидардан, интернеттен барлығы танысып қояды. Сонда не үшін ақшасын төлейді? Көп ұстаздардың үйлерінде баспаханадан қалай шықты, сол күйінше, ашылмай , оқылмай “пачкасімен” тау болып жатқан газеттерді көремін. Әрине, босқа қалмайды – тіршілігіне, әйтеуір, жаратады.

Ал менің ойымша, газет қазір тек идеология , саясат құралы емес – бұл ақпараттық бизнестің бір түрі. Жазылу науқаны бәсекелестіктің көрсеткіші. Мықты газеттерді іздеп жүріп алады.

Ал егер өнім сапасыз болса – алғысы келмейді. Онда “алсаңда аласың, алмасаңда аласың” деп, мәжбүрлегенше, газеттердің сапасын дұрыстауға әрекет жасайық. Ең мықты журналистерді тартып , ең қызықты, пайдалы мақалалар жаздыртайық. Педагогтардың жақсы-жаманды таңдауға білімі жетеді. Өздері қызығып алып оқиды.

Ал бизнестің біреуіне газет сатуына көмектесіп, біреуіне көмектеспеу – бұл сыбайластық жемқорлықтың белгісі. Егер бір мұғалім прокуратураға арыз жазса, жауапкершілігі ауыр.

Оны да ойлану керек. “Иделогияны қолдаймын” деп жүріп, мемлекеттің сыбайлас жемқорлықты болдырмау, азаматтардың құқығын қорғау идеологиясына қарсы әрекет болып табылмасын.

Бұл мəселеде қалалық жəне ауылдық жерде жазылу өзгешелігі бар. Яғни, қала мұғалімі жазылуда еркіндеу. көбісі, қалаған баспасөзіне өзі жазылады. Ал ауылда еріксіз жаздыру көбірек. Осы мəселені зерттеп, бүкіл қоғам болып, мұғалімдерімізге көмектесетін бір нақты шешімін табатын уақыты келді.

Бас прокуратура, жергілікті әкәмшілік , қоғамдық ұйымдар осы мәселе бойынша тез арада шара қабылдау керек.

Мұрат Әбеновтің фейсбуктегі жазбасынан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз