Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Ұшынып қалдық…”. Медаль неге ала алмай жатқанымыздың себебі белгілі болды

Қатал ауа райымен есте қалған Пхенчхан қаласында қыстың ызғары қайтқан секілді. Шаңғы мен биатлоннан сайыстар өтіп жатқан Алпенсия аймағында күн ашылып, жел де тоқтады. Күннің қолайсыздығын сөз еткен қазақстандық спортшыларға бүгінгі жайма-шуақ ауа райы да көмек болмады. Биатлоншылар аралас эстафетада Қысқы Олимпиаданың жүлделерін сарапқа салды. Қазақстан құрамасының сапында эстафетаны Галина Вишневская бастады. Семейлік спортшы алғашқы нысана көздеуде қателік жіберген жоқ. Екінші ату кезінде бір мәрте мүлт кеткен жерлесіміз алты шақырымдық кезеңді алтыншы орынмен аяқтады.

Галина Вишневская, биатлоннан ұлттық құрама мүшесі:

– Бүгін таңертеңнен бері ішім ауырды. Неге екенін білмеймін. Қобалжу да болған жоқ.

Жарысты соңынан бастасам да асықпай нысананы дәл көздеуге тырыстым. Бүгін өзіме үш деген баға қоямын. Бұдан да жақсы өнер көрсетуге болатын еді. Қазір ішімнің ауырғаны әлі басылған жоқ. Тамақтан келді ме деп ойлаймын.

https://kaz.365info.kz/olimpiadadagy-manerlep-syrganau-kezinde-frantsuz-khyzynyn-tosi-ashylyp-ketti-video-303244

Вишневскаядан эстафетаны қабылдаған Алина Райкова да нысана көздеуде мергендік танытты. Алғашқы атудан сүрінбей өткен Алинаның бір оғы ғана қиыс кетті. Алайда қазақстандық биатлоншы шаңғымен жарыста қарқынын жоғалтып алды. Үздік бестіктің қатарында болған Райкова эстафетада 12-ші болып келді.

Алина Райкова, биатлоннан ұлттық құрама мүшесі:

– Күлкілі болса да айтайын, астан ұшынып қалған секілдіміз. Мен өз кезеңімді жақсы жүгіріп өттім. Өте тамаша деп айтуға келмейді, шаңғымен сырғанауда аяқ жұмыс істемеді. Жатып ату кезінде қателік жіберген жоқпын.

Ал тұрып нысана көздеуде асығып, бір мәрте қателік жасадым. Ауа райына бейімделдік, өткен жарыстарға қарағанда нысана көздеуде де жақсы нәтиже көрсеткен секілдіміз.

Қазақстандық биатлоншы қыздардың қарқынын жігіттеріміз жалғастырып әкете алмады. Райковадан эстафетаны қабылдаған Роман Еремин шапшаңдықпен көзге түспеді. Атқан оғының үшеуі далаға кеткен жерлесіміз кезеңді 18-орынмен түйіндеді. Соңғы болып Максим Браун эстафетаны жалғастырды. Нысана көздеуде екі рет мүлт кеткен ол 18-орыннан жылжыған жоқ.

Роман Еремин, биатлоннан ұлттық құрама мүшесі:

– Нысана көздеуде қателіктер көп кетті. Не болғанын өзім де білмеймін. Қазір соны саралап, жаттықтырушылармен талқылаймыз. Қатты шаршаған да жоқпын. Екінші ату кезінде желдің бар жоғын да байқай алмадым.

Максим Браун, биатлоннан ұлттық құрама мүшесі:

– Мен өз кезеңімді жақсы жүгіріп өттім деп ойлаймын. Екі оғым тиген жоқ. Өрескел қателігім сол болды. Нысана көздеудегі қателіктерден сабақ аламыз. Жаттығып жатырмыз. Бүгінгі жарыс алдыңғы сайыстарға қарағанда жеңіл өтті, бойымыз үйренді. Бар шеберлігімді көрсетуге тырыстым. Екі күн бұрын кімнің жарысқа шығатыны белгілі болды. Сондықтан жақсылап дайындалдық. Қолымыздан келгені осы.

https://kaz.365info.kz/syluyn-aj-olimpiadadagy-orys-khyzyn-korgender-ah-yrdy-foto-video-302262

Биатлонан аралас эстафетада Мартин Фуркад бастаған Франция құрамасы Олимпиада чемпионы атанды. Күміс Норвегия спортшыларына бұйырса, қола жүлде Италияның еншісінде кетті. Қазақстанның қыз-жігіттері 20 команданың арасында 18-орынға тұрақтады.

XXIII Қысқы Олимпиада ойындарының 11-жарыс күні артта қалды. Олимпиада бағдарламасындағы 15 спорт түрінің тоғызында сайысқа араласқан қазақ елінің спортшылары соның төртеуінде кешенді сынды аяқтады. Енді Алексей Полторанин бастаған шаңғышылар мен мәнерлеп сырғанаудағы қыздарымыздың жолына көз тігеміз. Конькишілер мен биатлоншылар және шорт-трек шеберлері де кешенді сындағы жарыстарын жалғастырады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз