Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Үш баласы ше?”. Жаңа отау құрған Дәурен Айдарқұлов жеке өмірі жайында айтты

178

Дәурен Айдарқұлов, актер:
— Бәрі жақсы! Өзімнің жеке өміріме қатысты сұрақтарға жауап бермесем болатын шығар?

Ал, ақ көйлек киген суретін желіге жүктеп, оқырмандарының ойын сан-саққа жүгірткен Ақботаның тойы қашан?

Жұлдыз Өмірғали, әнші, актриса:
— Тойына? Той деп әлі ешкім айтқан жоқ маған. Бота ондай ақпарат таратқан жоқ. Той болады, осы күні келіңдер деп… Дәуренмен сол бір көрген кезде ғана амандасып қаламын. Ал, енді былай ол кісінің номері де жоқ.

«KeshYOU» тобы:
— Әлі шақырған жоқ! Мүмкін енді ол жағын ойластырып жатқан болар.

Ұзын құлақтан естуімізше, Ақбота мамырдың мамыражай күндерінде ана атанады екен. Жұмыстан қолы босамайтын құрбылар, тек әлеуметтік желі арқылы хабарласып тұратындарын айтады…

https://kaz.365info.kz/bayan-ne-der-eken-akhbota-sejitmagambet-ysh-balanyn-akesi-dauren-ajdarkhylovkha-tiip-aldy-foto-253037

Балжан Бидаш, «KeshYOU» тобының әншісі:
— Әрине, біз 2 жыл бірге жұмыс істегеннен кейін жағдай сұрасып тұрамыз. Былай кездесуге уақытым аз. Сондықтан, мен оның жағдайын сұрап, денсаулығын сұрап, солай ватсап арқылы.

Жұлдыз Өмірғали, әнші, актриса:
— Бір жарым айдай сөйлеспей кеттік. Содан телефон номерін ауыстырып, хабарсыз кетті. Сосын мен өзім іздеп тауып алып, нөмерін алып, қал жағдайын сұрап, сол бір апта бұрын сөйлескен болатынбыз.

Ал, Бағым ханым, Ақботаны жарты жыл бойы көрмеген. Тіпті, шәкіртінің жеке өміріндегі жағымды жаңалықтары жайлы да білгісі келмейді.

Бағым Мұхитденова, музыкалық продюсер:
— Ақбота «Кешьюден» кетерде менімен қоштасып, сау айтуға да шамасы келмеді. Сондықтан, оның қал-жағдайын білуге құштар емеспін. Мүмкін жастығы болар. Біздің топтағы ән салған қыздар әр түрлі жағдаймен ұжымдағы жұмысын тоқтатып жатады, менің оған етім үйреніп кеткен.

Ал Дәурен жеке өмірінен гөрі, шығармашылығына қызыққандардың саны артсын деді ме, құпияның ақиқатын ашпады.

Дәурен Айдарқұлов, актер:
— Құпия бола берсін онда, ол да қызық қой…

Дереккөз: НТК арнасы

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз