Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Үш әйелімен бір шаңырақ астында тұратын қызылордалық бақытты екенін айтты (фото)

133

тоқ4

Әбсаттар мырзабеков.

Отағасы дастархан басында үнемі оң жағына үш әйелін қатар отырғызады екен. Бәйбішесі Шынардың жасы 63-те. Екінші әйелі Фатиманың жасы 60-та. Кіші әйелі Күлайханның жасы 38 -де екен.

«Үйдегі барлық тапсырманы маған береді. Мен басқаларға бөліп беремін. Біз отағасын үнемі «президентіміз» деп қалжыңдаймыз. Ал біздер министрлерміз. Мысалы мен сыртқы байланыстарға жауап беремін. Ал Фатима мен Күлайхан ішкі шаруаларды тындырып отырады»,-дейді Әбсаттар Мырзабековтың бәйбішесі Шынар.

тоқ1

Мырзабековтар отбасының бәйбішесі.

«Әрине біз бәйбішені құрметтейміз. Себебі ол біздің ортақ отбасымыз үшін көп жұмыс істеген. Бастысы біз барлығымыз да күйеуімізді жақсы көреміз. Ал күйеуіміз бәрімізге бірдей қарайды»,-дейді Әбсаттар Мырзабековтың ортаншы әйелі Фатима.

Отағасына тоқал алуды бәйбішесі ұсыныпты. Әбсаттар мырза болса Шынарды өзінің кеңесшісі деп біледі.

«Өзім үлкен отбасынан шықтым. Күйеуім екеуміздің де балаларымыз көп болғанын қаладым. Тағдырдың жазғаны болар бір ұлды дүниеге әкелдім. Осыдан кейін жол көлік апатына түсіп қалдым. Дәрігерлер алдағы уақытта балалы бола алмайтынымды айтты»,-дейді Шынар ана.

Міне осыдан кейін Шынар ана  ойлана келіп күйеуіне екінші әйел алып беруді шешіпті. Сол кезде 29 жастағы Фатиманы күйеуіне тұрмысқа шығуға үгіттеген.

Өзі қатал болмайтынын да айтыпты. Ал Фатима болса мұндай ұсынысты алғаш естігенде қайран қалған.

«Өз күйеуімнен айырылып қалғым келмеді. Ол кезде құрсақ ана жайлы сөз болмайтын»,-дейді Шынар ана  сөзінде.

тоқ5

Әбсаттар Мырзабековтың екінші әйелі.

«Шынар сыртқы жұмыстарды жақсы түсінеді. Байсалдылықпен шешеді.Мысалы мектептегі ата-аналар жиналысына тек сол қатысады. Ауылымызда біздің бәйбішені бәрі жақсы көреді, сыйлайды. Заң бойынша күйеуіміз Шынармен некеде. Қалғандарымыз мұсылманша некедеміз»,-дейді Әбсаттар Мырзабековтың екінші әйелі Фатима.

Фатима бұл отбасына екі қыз тауып берген. Осыдан кейін тағыда ұрпақ жалғастыру мәселесі көтеріліпті. Бұл жолы отағасы таңдауды өзі жасаған.

«Мен ол кезде 21 жаста едім. Ұзақ ойландым. Өзімнің үшінші әйел болатынымды білдім. Бірақ отағасы сол кезде-ақ маған қатты ұнап қалған еді. Сүйіп қалдым десем де болады»,-дейді Әбсаттардың үшінші әйелі .

тоқ3

Әбсаттар Мырзабековтың үшінші әйелі.

Бұл некеге  екі әйелі келіскенімен «Үш әйелді қалай бағасың» деген Әбсаттардың туыстары қарсы болды. Ешкімді тыңдамаған Әбсаттар үшінші әйелді алуға шешім қабылдаған. Қазір үлкен шаңырақтың астында үш әйелі мен балалары бірге тұрады.

«Тоқал дегеннің несі ұят екен. Ол да адам. Оны кемсітуге болмайды. Олар да ортақ күйеуімізді жақсы көреді. Біз өз өмірімізді ешкімге насихаттамаймыз. Тек өзіміздің бақытты екенімізді айтқымыз келеді»,-дейді Шынар ана.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз