Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
26
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

Үндістандағы карантин: өзендер тазарды, отбасылық арақатынас сынға түсті

288

— Сиддхеш, Үндістанда халықтың тығыздығына қарамастан, коронавирустан қаза болғандардың деңгейі айтарлықтай төмен. Бұл немен байланысты?

— Дұрыс айтасыз, бізде өлім-жітім көрсеткіші төмен. Себебі адамдар аса қажет болмаса көшеге шықпауға тырысады және арақашықтықты сақтайды. Ауырғандарды бірден карантинге жатқызды. Ауруханаларға біздің танымал адамдарымыз көмектеседі.

— Желіде үндістандық полиция қызметкерлерінің карантинді бұзғандарды шыбықпен ұрып жатқаны түсірілген видеолар көп.

— Үндістанда халықтың тығыздығы жоғары, ал оқымаған адамдар көп. Олар не болып жатқанын түсінбейді. Полиция карантинді елемегендерге қатысты қатаң шаралар қабылдауға мәжбүр.

Бірақ  роликтердегідей шыбықпен сабап жатқан жағдай жиі болмайды. Бір-екі жерде болған шығар. Полиция бастапқыда сыпайылық сақтап,  режимді бұзғандарға түсіндіру жұмысын жүргізеді.

Көптеген адамдар бетперде тағып, қолғап киюдің қажеттілігі жоқ деп есептейді, ал бұл міндетті қауіпсіздік шарасы.  Адамдар вирустың таралу қауіптілігінің деңгейін түсінбейді. Сондықтан полиция осылай қатаң жауап қатуға мәжбүр.

Үкімет әдейі халықты дүрліктіріп, жағдайды саяси мүддесіне пайдаланады дейтіндер де бар. Халық арасында халықаралық жағдайдан хабары жоқ, Италия, Иран және АҚШ-та қанша адам қаза болғанын білмейтіндер өте көп.

— Коронавирустың бар екеніне  сенбейтіндер өздерінің пікірлерін қалай түсіндіреді?

— Үндістанда мұндай адамдардың екі түрі бар. Алғашқылары астыртын саяси себептер бар деп ойлайды. Олардың пікірінше, бұл дүрбелең жасанды жолмен пайда болған. Мұндайлар аз емес.

Екінші бір топтың пікірінше,  белгілі бір діни топқа қатыстылық  вирустан сақтап қалады.

— Карантин мен оқшаулану сіздің өзіңізге қалай әсер етті?

— Жоспарымның көбі бұзылды. Жазда шетелде тәжірибеден өткім келген, бірақ енді бұл жоспарым орындалмай ма деп қорқамын. Жалпы жағдайға қатысты айтар болсақ, елде азық-түлікпен қамтамасыз ету жоғары деңгейде.

Сонымен қатар, біздің премьер-министр барлық компанияларды адамдар жұмыс істемесе де жалақы төлеуге міндеттеді

Көптеген кәсіпорын өз қызметкерлерін қашықтан жұмыс істеуге көшірді. Бірақ үйде ешнәрсе істемей, бос отырғандар да жалақы алуда. Мен біздің үкімет карантинге жоғары деңгейде дайындалды деп ойлаймын. Адамдар аш емес.

Тек көп адамдар үйде жайдан-жай жұмыссыз отыра алмай көптеген қызықты іспен айналасуда.

Менің пікірімше, пандемия отбасылық арақатынас сынға түскен кезең, себебі адамдар бұрынғыдан көбірек уақыт үйде отырып, отбасымен, балаларымен араласуда

Сондай-ақ экология жақсарды, Үндістан ең лас елдердің бірі ғой. Делиде ауа, елдегі  өзендер тазарды. Сонымен қатар, біздің еліміздегі қазіргідей ыстықта, адамдардың үйде отырғаны дұрыс.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз