Ұлытау облысының әкімдігі мен «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Жомарт кенішінде мерт болған қызметкерлердің отбасыларына көмектесетінін мәлімдеді. Ұлытау облысының әкімдігі кен орнында қаза тапқан жұмысшылардың отбасылары мен жақындарына психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсететінін мәлімдеді.
«Қазақмыс» моральдық зиянды өтеу үшін қаза тапқандардың отбасыларына жұмыскердің орташа жылдық жалақысының 10 еселенген мөлшерін береді. Сондай-ақ жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға 2 миллион теңгеден астам қаржы төленеді екен.
«Асыраушысынан айырылу жағдайына ай сайынғы төлем, балалардың оқу ақысын төлеу, қаза тапқан жұмысшылардың несие және қарыздарын жабу, сондай-ақ отбасы мүшелерінің өтініші бойынша басқа да көмек түрлері қарастырылған», – деп мәлімдеді корпорацияның баспасөз қызметі.
Еске салсақ, Ұлытау облысындағы кеніште жеті жұмысшы үйінді астында қалған еді. Бүгін таңда барлығының денесі табылды.