Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
4
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

“Ұлымның ұрығын сақтап қалғам…”. Қаралы ана үшем сүйіп, немерелі болды

112

Алайда бүгінде оның қуанышында шек жоқ. Ұлынан айырылып қалғанымен, ол таяуда ғана егіздердің әжесі атанды. Ұл мен қыз суррогаттық жолмен дүниеге келді.

Пуна (Үндістан) дәрігерлері Пратамс Патильдің Германияда сақталған ұрығын алып, оны суррогат ананың жатырына салды. Жүктілік кезеңі сәтті өтіп, ақырында суррогат ана әйелге егіз ұл мен қыз туып берді.

Анасының айтуынша,

2010 жылы ұлы Германияға магистр дәрежесін алу үшін оқуға аттанған. Алайда көп ұзамай оның миынан ісік табылып, рак ауруына душар болғаны анықталған.

“Бұл біздің отбасымыз үшін күтпеген жағдай болды. Германиядағы мамандар химиотерапия курсын бастауды ұсынды. Сондай-ақ, емделгеннен кейін ыңғайсыз жағдайға қалмас үшін ұрығын сақтап қоюға кеңес берген де солар”, – дейді жігіттің анасы Раджашри Патил.

Жігіт бірнеше жыл Германияда, кейін өз Отанында емделген. Алайда 2016 жылы ол көз жұмған-ды.

Бұдан кейін анасы Германиядағы ұрық банкіне хабарласып, ұлының ұрығын елге алдыртқан. Көп күтпестен оны ЭКО орталығына апарып, егіздердің әжесі атанып отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз