Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

«Ұлы наркоман, қызы лесбиян». Джеки Чан туралы үлкен шындық

1150

Бұл жарысқа соңғы екі жылдан бері өзі құрған Jackie Chan DC Racing командасы қатысып келеді.

Қазір Джеки Чан тамыз айында прокатқа шығатын «Вий 2. Айдаһар құпиясы» деген фильмге продюсерлік етудеонда Джеки Арнольд Шварценеггермен бірге ойнайды.

Қысқасы, бұл кісінің қолы бос емес.

Джеки мықты бизнес-империя құрған. Оның ішіне кинотеатрлар желісі, сигвей шығаратын фабрика, ресторандар, фирмалық киім сататын дүкендер, косметикалық салондар мен спорттық клубтар кіреді. Кеше ғана Джеки Чан тағы Сингапурде электрсамокаттарды жалға беретін бизнесін ашты.

Forbes-тің бағалауынша, актердің байлығы былтыр 400 млн долларды құраған.

Актер 35 жыл бойы тайваньдық актриса Линь Фэнцзяомен тұрып келеді. Джеки Чанның әкесі 50-ші жылдары осы Тайваньға тыңшылық еткен.

Джеки Чанның жалғыз ұлы бар. Тым ерке болып өскен Джейси Чан. Амал нешік, Джейси ақымақтау бала болып өсті. Актерлік шеберлік курстарын бітірсе де, кино индустриясында ештеңе жарытпады. Жұлдыздың ұлы музыкалық топ құрып АҚШ пен Қытайдың арасында ары-бері концерт қойып жүргенде есірткімен ұсталды. 2015 жылы Чанның баласы Гонконгте марихуана шеккені үшін ұсталып, пәтерінен 100 грамм есірткі табылды.

Жергілікті заң бойынша Джейси тіпті өлім жазасына кесіліп кетуі мүмкін еді, бірақ сот белгісіз себептермен жазасын жеңілдетіп, бала жарты жылдан кейін бостандыққа шықты.

Осы оқиғадан кейін Джеки ұлына мұра қалдырмады – бар ақшасын қайырымдылық қорларына жазып тастады.

«Джейсидің миы болса – ақшаны өзі табады. Әйтпесе менің ақшам оған ешқандай бақыт әкелмейді. Оны әскерге жібермегеніме өкінемін, сонда мінезі дұрыс қалыптасып, өмірлік құнды тәжірибе алар еді», – деп мойындаған 130 фильмге түскен атақты актер.


Джекидің қызы Этта У Чжолиньге де түк бұйырмайтын болды. 20 жыл бұрын Джеки Чан Гонконгте өткен «Мисс Азия» байқауына қазылық етіп, соның жеңімпазы Элейн У Цили деген арумен көңіл қосқан. Бірақ ол әйелмен үш-ақ ай тұрып, өз отбасына қайта оралғанАзия аруының мінезі шақар, өзі қызғаншақ әйел болып шығып, Чан бұған көне алмаған.

Джеки өз қызын ДНК тестінен кейін бірақ мойындады. Бұған қатты ренжіген Элейн әкесінің қызымен кездесуіне тыйым салған. Бірақ қызы 15-ке келгенде әкесімен алыстан ғана араласа бастады. «Чан менің биологиялық әкем ғана, ол маған анам сияқты туған жақыным бола алмайды», – деген ол қыз. 2008 жылы Джеки қызы Эттаны өзінің бір фильміне түсуге шақырып еді, қызы одан бас тартты.


Актер ұлымен ат құйрығын үзіскен соң Этта әкесімен жақынырақ араласып, үйінде бірнеше рет болған. Тіпті әкесінің әйелімен тіл табысқандай болған. Бірақ 2017 жылдың күзінде бәрі бітті – 18 жастағы Этта өзінің лесбиян қыз екенін мойындап, канадалық блогер-қыз Энди Отоммен «жүретінін» жария етті. Мұны естігенде қыздан туған анасы теріс айналды. Этта мені әкем түсінер деген үмітпен Америкадағы әкесіне келгенде Джеки оны үйіне де кіргізбей қойыпты. «Маған бәрібір, оның не істеп жүргені. Өз өмірі, өзі білсін. Қателеспейтін еркек болмайды, қателерінің зардабын осылай тартатын шығар», – деп кесті Чан.
https://kaz.365info.kz/sekspen-kobirek-ajnalys-romario-alem-chempionaty-aldynda-zhezuske-akhylyn-ajtty-314315
Эттадан жұрттың бәрі теріс айналып, ол құрбысымен бірге көк тиынсыз қалды. Тіпті YouTube-ке шығып жалпақ жұрттан ақша сұрағаны бар. Ол видеоны 1,5 миллион адам көріп тастаған.

Джеки Чан өзінің мінсіз әлемін құрып алған адам болып шықты. Оның әлемінде жаман нәрселерге орын жоқбірінші орында абырой мен ақша ғана.

Сол үшін Джеки Чан соңғы 30 жылдан бері кинодағы жағымсыз кейіпкерлердің рөлін сомдаудан үзілді-кесілді тас тартып келеді. Тіпті кім-көрінгенге сұхбат беруден де қашады, енді өзінің бұзық балаларынан бас тартты.
https://kaz.365info.kz/zhakhsy-boldy-khylagymnyn-zhartysy-zhokh-telefonmen-sojlesu-onaj-251393

Джекидің бұл тірлігіне қарап, әйгілі миллиардер Пол Гетти еске түседі. 1973 жылы оның бір немересін біреулер ұрлап кетіп, миллионерден ақша талап еткен. Сонда шық бермес шал ақша төлеуден бас тартыпты: «Менің 14 немерем бар. Бүгін біреуі үшін ақша берсем, ертең 14 немеремді де ұрлап әкетер. Өлсем де ақша бермеймін», деген екен.

Геттидің немересін босатып қоя берген, бірақ сол оқиға жанына қатты батқан бала кейін наркоман болып кетіп, мүгедек болып қалған. Білсеңіз, осы бір оқиға желісімен түсірілген «Әлемнің бүкіл ақшасы» деген фильм кеше ғана прокатқа шықты.

Ал Джеки Чанға оралсақ, ол ұлы Джейси мен қызы Эттаның мұндай күйге түскеніне өзінің кінәсі бар екенін мойындамады. Балаларының жаза басқаны сол-ақ екен, олардан бас тарта салды
https://kaz.365info.kz/bojy-tapal-adamdar-nege-zalym-bolady-270660

eurosport.ru

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз