Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
21
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

«Ұлы дала өркениеттері» байқауының нәтижелері жарияланды

939

Байқау ағымдағы жылдың тамыз айының 18 жұлдызында бастау алды. 18 тамызбен — 10 қыркүйек арасында байқауға қатысу үшін еліміздің түк-түкпірі 14 облыс пен республикалық маңызы бар үш қаладан youthunion.kz бірлестіктің ресми сайты арқылы 138 өтінім келіп түсті.  Байқау ережесі грантберушімен келісілді.

Байқау мақсаты Қазақстан халқының сабақтастығына мәдениетін, ана тілін, ұлттық дәстүрлерін сақтауға және дамытуға, дәстүрлерді жаңғырту және дамыту проблемасына, ұлттық және мәдени бірегейлікті сақтауға, сондай-ақ жастарды өз халқының мәдениетіне, халық шығармашылығына тартуға жәрдемдесу.

 

Білім беру ұйымдары ережеге сәйкес өтінімдер қалдырып, төмендегі әрбір іс-шараны өткізіп, әлеуметтік желіге жариялап #ҰлыДалаӨркениеттері хэштегімен белгілеуі міндеттелген. Міндеттелген  іс шаралар:

  • «Ұлттың тілі, дәстүрі, мәдениеті — сол ұлттың жаны, жан-дүниесі» атты жастар мен қазыналы қарияларымызбен кездесу (онлайн / оффлайн форматта);
  •  «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» қазақ тіліндегі эссе байқауы
  • ҚМДБ және барлық облыстардың білім басқармалары мен оқу орындары өкілдерінің қатысуымен өткізілетін «Мәдениет – ұлттық қайта өркендеу коды» атты «дөңгелек үстел» отырысы:

Отырыста адамзат руханияты мен мәдени даму кезеңдері туралы, сондай-ақ қоғамда теріс әрекеттерді болдырмауға әсер ететін ұсынымдар жинақталады.  Іс шара қорытындысы бойынша құзыретті мемлекеттік органдарға ұсынымдар жолданатын болады.

  •  «Талант — табиғаттан, талап — өзіңнен» кездесуін өткізу:

Спикер ретінде шығармашылық топтар және тұлғалар тартылатын болады.

Кездесу барысында шығармашыл тұлғалар жастарға өздерінің шығармашылық жолдарын қалай өткенін айтып береді.

Іс- шара онлайн/оффлайн режимінде қарастырылады. Кездесулер 14 облыс және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында өткізілді

  •  «Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі» тақырыбындағы көрме:

Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты көрме тікелей онлайн форматында жүргізіледі.

  •  «Дәстүр мен ғұрып» ұлттық дәстүрлерін насихаттайтын театрландырылған қойылым;

Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты қойылым тікелей онлайн форматында жүргізіледі.

  •  Орта білім беру ұйымдарының арасында «Нағыз Қазақ Қазақ Емес, Нағыз Қазақ Домбыра» тақырыбында флешмоб-акциясын өткізу:

Флешмоб-акциясы сауда орталықтары мен қоғамдық орындарда  өтеді.

  •  «Жетістіктің тарихы» жастарға дәріс өткізу

Дәрістерді еліміздің  Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен тұлғалар жүргізеді

  • «Құндылық — адам жанының алтын арқауы»  үздік бейнебаян байқауын өткізу. Оқушылар ата-аналарының құнды қасиеттерді перзентіне үйретуі, өмір тәжірибесімен бөлісуі жайлы 5 минутқа дейін бейнебаян ұсынады.
  • «Жәдігерлер сыр шертеді» бейнетаныстырылым байқауын өткізу. Бейнетаныстырылым әлеуметтік желіге салынады. Бейнетаныстырылымның ұзақтығы 5 минутқа дейін.

Байқау 10 қыркүйектен бастау алып, 20 қазан күні аяқталды. Қатысушы мектептер жоғары көрсетілген іс шараларды өткізгені үшін балл жинады. Ең жоғары балл жинаған білім беру ұйымы 1 миллион теңгеге қолжеткізбек. Екінші орынға 500 мың теңге, үшінші орынға 300 мың, 4-6 орын алғандарға арнайы номинациялар қаралып, 100 мың теңге, 7-9 орын алғандарға демеуші арқылы 50 мың теңге берілді.

Белсене қатысқан оқушы мен жетекшісі арнайы журналдан шығарылмақ.

Байқау бойынша жиналған баллдарын әрбір мектеппен жеке жеке келісілді.

 

Байқаудың алдың ала есептеуінің нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің жеті депутаты, Олимпиада ойындарының жеті қатысушысы, облыстық, қалалық аудандық мәслихаттарының 60 депутаты, үкіметтік емес ұйым өкілдерінен 46 адам тікелей қатысушы болды. Өтінім берген білім беру ұйымдардан 89 мекеме іс шара өткізсе, оның ішінде 59 мектеп міндеттелген барлық іс шараны өткізген. Байқау аясында 1037 іс шара өткізіліп, 104 475 адам адам қамтылды.  

Байқау қорытындысы бойынша

9 орын. 675 балл. «Ұлттың тілі, дәстүрі, мәдениеті — сол ұлттың жаны, жан-дүниесі» атты кездесулерді жоғары деңгейде өткізгені үшін Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №24 лингвистикалық мектеп-гимназия КММ арнайы диплом мен  50 мың теңге;

8 орын. 710 балл. “Жетістіктер тарихы” жастармен кездесулерді жоғары деңгейде өткізгені үшін Шымкент қаласы, №131 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ арнайы дипломмен  50 мың теңге;

7 орын.  778 балл. «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» қазақ тіліндегі эссе байқауы жоғары деңгейде өткізгені үшін  Жамбыл облысы, Шу ауданы, Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі арнайы дипломмен  50 мың теңге;

6 орын. 1099 балл. “ІЗДЕНІМПАЗ ҰЖЫМ” НОМИНАЦИЯСЫ бойынша Жамбыл облысы, Ермұхан Бекмаханов мектеп -гимназиясы арнайы диплом мен 100 мың теңге;

5 орын. 1261 балл. “ЖАҢАШЫЛ ҰЖЫМ” НОМИНАЦИЯСЫ бойынша Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Сағашилі жалпы білім беретін орта мектебі КММ арнайы диплом мен 100 мың теңге;

4 орын. 1887 балл. “ШЫҒАРМАШЫЛ ҰЖЫМ” НОМИНАЦИЯСЫ бойынша Алматы қаласы, 148 мектеп-гимназия КММ арнайы диплом мен 100 мың теңге;

3 орын. 2119 балл. “ҮШІНШІ ОРЫН” БҚО, Орал қаласы, Х.Доспанова атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі арнайы диплом мен 300 мың теңге;

2 орын. 2436 балл. “ЕКІНШІ ОРЫН” Жамбыл облысы, Тараз қаласы, “Бауыржан Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясы” КММ арнайы диплом мен 500 мың теңге;

1 орын, 2776 балл. “БІРІНШІ БАЛЛ” Жамбыл облысы, Меркі ауданы, “Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясы» КММ арнайы диплом мен 1 000 млн теңгемен марапатталады.

БАЙҚАУ БОЙЫНША ЖИНАЛҒАН БАЛЛ youthunion.kz сайтына ілінді.

“ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ЖАСТАР ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ” ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР БІРЛЕСТІГІ

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз