Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Ұлттық валюта нығайды”. Қазақстан қор биржасы өткен жылды қорытындылады

Мұндай жетістікке жетуге экономикадағы өсім, инфляция деңгейінің төмендеуі және жыл бойы базалық мөлшерлемені азайтып келген Ұлттық Банктің ақша-несие саясатының септігі тиген. Осылайша, компаниялардың қор нарығына шығуына қолайлы жағдайлар жасалып отыр.

Алина Алдамберген, Қазақстан қор бижрасының басқарма төрайымы:

– Алғашқы және екінші акция нарығы өсіп отыр. Акция нарығының капиталдануында да өсім байқалады. Корпоративті облигациялар нарығында 37 жаңа листинг жасалды. Биржаға шығарылған ация көлемі де артты. Оған банк секторын қаржылай қолдау бағдарламасының оң ықпал еткенін айта кету керек.

Сондай-ақ биржада 12 триллион 300 миллиард теңгеге шетел валютасы саудаланған. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 17,6 пайызға көп. Барлық келісім-шарттардың 98 пайызы АҚШ долларының еншісінде. Сарапшылардың айтуынша, өткен жылы бір АҚШ долларының құны 310-345 теңге аралығында болған.

Андрей Цалюк, Қазақстан қор бижрасының Басқарма төрайымының орынбасары:

– Жыл қорытындысы бойынша теңге 0,3 пайызға нығайды. Демек ұлттық валютаның тұрақтылығы туралы айтуға болады. Осының арқасында инвесторлардың теңгедегі құралдарға деген қызығушылығы сақталып отыр. Осы үрдіс құнды қағаздар нарығында да байқалады. Бұл өте маңызды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз