Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені күрт арттыруы инфляциялық таргетингтің ресми мәлімдеген мақсаттарымен қатар келіп отыр.
Ақпан айының басында мөлшерлемені осы деңгейде сақтап қалу туралы шешім қабылданғанда баспасөз релизінде коронавирус эпидемиясы, мұнай бағасының құлдырауы секілді сыртқы қауіп-қатерлер туралы айтылмаған еді. Бұл Ұлттық банктің сараптамалық және болжам жасау деңгейінің төмендігі туралы айтады.
Ол кезде сыртқы факторлардың ішінде қаңтардағы мұнайдың орташа бағасы (барреліне $63,7), азық-түлік тауарлары бағаларының жаһандық өсуі және Ресейдегі (3%) және ЕО (1,6%) елдеріндегі жылдық инфляция ғана ескерілген болатын.
Егер жағдай Ұлттық банктің күткеніндей болса, қаржы-несие талаптары жақсаруы мүмкін деп айтылған. Бұл есеп үкімет пен әкімшіліктің азық-түлік нарығында бәсекелестікті арттыру шараларына және оңтайлы тарифтік саясатқа сүйеніп жасалды.
Сондай-ақ, қаңтар айында инфляция деңгейі 5,6% болғандықтан, жылдық инфляция 4-6% мақсатты дәліз аралығында сақталады деп мәлімделген.
Бірақ ақпанда
жағдай тұтынушылық бағалардың тұрақтылығына заң жүзінде жауап беретін Ұлттық банктің бақылауынан шығып кетті
Жылдық инфляция 6% дейін артты. Ал азық-түлік тауарлары жылдам қарқынмен қымбаттады. Елбасының жарлығымен 2018 жылы көтеруге тыйым салынған халыққа арналған ақылы қызметтердің бағасы көтерілді.
Инфляциялық тергеттеу бойынша Ұлттық банктің жалтақтаған және негізсіз шешімдері Ресейдің жетістіктерінің жанында қарама-қайшы болып көрінеді.
Онда жылдық инфляция ақпан айында 2,4%-ға, ал қаңтарда 2,3%-ға төмендеді. Ал азық-түлік тауарлары Қазақстанда 8,6%-ға қымбаттағанда, Ресейде тек 1,8% пайызға төмендеді. Азық-түлік емес тауарлар бағасының өсу қарқыны бойынша Ресей басымдылыққа ие болып отыр (онда 2,3%, бізде 5,4%).
Ресейдің ұлттық банкі үрейге бой алдырып, негізгі мөлшерлемені өзгертпеді. Ақпан айының басында оны 6% дейін төмендеткен еді. Нәтижесінде базалық мөлшерлеме мен жылдық инфляциның айырмашылығы 3,7% пайызды құрады. Қазақстанда бұл айырмашылықтың көлемі 3,65-тен 6%-ға бірақ артып кетті.
Біріншіден бұл, Ресейге қарағанда Қазақстанда депозитте ақша сақтау тиімді болды дегенді білдіреді. Ал екіншіден, біздің еліміздегі несие пайызы артады. Бұның салдары бизнеске зиянын тигізуі мүмкін. Шағын және орта бизнес зардап шегетіні сөзсіз.
Ресейлік өндірушілер өз елдерінен арзан несие алып, Қазақстан нарығын экспансиялауға мүмкіндік алады.
Ресей банкінің Директорлар кеңесінің негізгі мөлшерлеме бойынша келесі отырысы 20 наурызға жоспарланған. Біздің Ұлттық банктің отырысы 16 наурызға жоспарланған. Оның нәтижесі бойынша базалық мөлшерлеме 12% деңгейінде қалуы мүмкін.
Алайда, ол уақытқа дейін әлемдік мұнай нарығы тұрақтанып, оның бағасы барреліне $40 жетсе, Ұлттық банк мөлшерлемені төмендету керек болады. Бұндай жағары көрсеткіш тек Ресейдің жанында ғана емес, әлемнің дамыған елдерімен салыстырғанда да тартымды көрінбейтіні анық. Бұлай болса,
орталық банктер өзінің негізгі мөлшерлемесін төмендетіп, үкімет бизнес пен халықты салықтан босатып, қазыналық ынталандыру шараларын қолданады.