Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
9
USD
426
-0.41
EUR
493
-1.42
RUB
5.97
-0.01

Ұлттық Банктің алтыны: 100 граммдық құймалардың сұранысы күрт өсті

Фото: ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі

ҚР Ұлттық банкінің мәліметінше, тамыз айында банктер мен айырбастау пункттері қазақстандықтарға 2 460 өлшемді алтын құймасын сатқан. Бұл ең жоғары көрсеткіш емес. Мысалы, шілдемен салыстырғанда сатылған құйма саны тек 50 құймаға артқан. Жалпы алғанда, ағымдағы мөлшері 2021 жылдың алғашқы 7 айының орташа деңгейінен төмен (айына 2 542 құйма).

Алайда, егер сатылған құймалардың санын емес, олардың жалпы салмағын бағаласақ, жағдай басқаша көрінеді.

Тамыз айындағы көрсеткіш – 113,7 кг. Жыл басынан бері ол тек бір рет қана жоғары болды – шілдеде жалпыжиынтық салмағы 124,2 кг болды. 2020 жылы сатылымның жоғары деңгейімен екі ай ерекшеленді: қазан (127,6 кг) және желтоқсан (122 кг).

Осылайша, қазір алтынға деген сұраныс бағдарламаның барлық кезеңінде ең жоғары деңгейлердің біріне айналды. Айта кету керек, Ұлттық Банк деректерді 2020 жылдың мамыр айынан бастап ай сайын жариялай бастады. Бірақ оған дейін алтын сатылымы қазіргіден әлдеқайда аз болды. Мысалы, 2020 жылдың қаңтар-сәуірінде сатылған бағалы металдың жалпы салмағы 103,7 кг-ды құрады.

100 грамм – ең сұраныстағы салмақ

Қарапайым есептеулер көрсеткендей, тамыз айында сатылған бір құйманың орташа салмағы 46,2 граммды құрады. Бұл биылғы жылғы ең жоғары көрсеткіш. Ұлттық банк бағдарламаның барлық жүзеге асырылған уақыты ішіндегі мынадай деректерді келтіреді:

“Алтын құймалар бес түрлі үлгіде ұсынылған: 5, 10, 20, 50 және 100 г.

  • Сатып алушылар арасында ең танымалы – салмағы 10 г-дық құйма, оның жалпы сатылым көлеміндегі үлесі 29% – 18 267 дана
  • Одан кейін 100 граммдық – 14 273 дана (23%)
  • 20 грамм – 12 314 дана (20%)
    5 грамм – 10 376 дана (16%)
    50 грамм – 7 608 дана (12%)”, —

делінген Ұлттық банктің хабарламасында.

Мұндай деректер бір ай бұрын да жарияланды. Сондықтан тамыз айында т.рлі салмақтағы қанша құйма өткізілгенін есептеуге болады.

  • Салмағы 100 г-дық сатылған құймалар саны 856 бірлікті құрады – бұл 2021 жылғы ең жоғары көрсеткіш
  • Тамыз айында екінші ең танымал болғаны – 5 граммдық (534 бірлік)
  • 20 граммдық құймалар — 404, және бұл жарты жылдық максимум
  • 10 граммдыққа сұраныс 2020 жылдың қыркүйегінен бастапқы (399 бірлік) ең төменгі деңгейде болды.
  • Салмағы 50 граммдық (267) құймалар ең аз сұранысқа ие болды. Бұл ақпан-шілде айларының орташа деңгейінен төмен (312).

Осылайша, сұраныс мүмкін болатын ең ауыр құймаларға – жүз граммдыққа ауысты. Олардың үлесі тамыз айында сатылымның жалпы санының үштен бір бөлігінен астамын құрады.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық Банк 2017 жылы тазартылған алтынның өлшемді құймаларын сату және сатып алу бағдарламасын іске қосқан болатын. Бағдарлама іске қосылғаннан бастап жалпы салмағы 2,3 тонна болатын 62 838 алтын құйма сатылды.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз