Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ұлттық банк базалық пайыздық мөлшерлемені 11 пайызға дейін төмендетті

134

ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені +/-1 пайыз дәлізінде 11 пайыз деңгейіне дейін төмендету туралы шешім қабылдады, делінеді Ұлттық банк таратқан хабарламада.

Бұл Ұлттық банктің коммерциялық банктерді 12 пайызбен қаржыландырып, екінші деңгейлі банктер салымдарын 10 пайызбен қабылдайтын болады.

“Базалық мөлшерлеменің жаңа деңгейі баға және қаржылық тұрақтылық арасындағы ұзақмерзімді теңгерімді көрсетеді және тиісінше оның ақша-несие саясатын одан әрі жұмсарту әлеуеті шектеулі”,- делінген хабарламада. Осы ретте банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім мынадай факторлар ескеріле отырып қабылданғанын атап өткен:

2017 жылғы қаңтарда жылдық инфляция 7,9 пайызды құрап баяулады және Ұлттық банктің болжамдарына толық сәйкес келеді. Жекелеген тауар нарықтарында, ақылы қызметтер нарықтарында бағаның жылдам өсуі инфляцияның жалпы деңгейінің серпініне айтарлықтай әсер етпейді және басқа тұтынушылық тауарлар мен қызметтер нарықтарындағы қалыпты баға үрдістерімен өтелетін болады.

Халықтың инфляциялық күтулеріне қатысты қаңтарда жүргізілген пікірге сәйкес, респонденттердің инфляцияның болашақтағы деңгейіне қатысты күтулерінің байқалып отырған жақсару үрдісі олардың про-инфляциялық әрекеттерінің жұмсарғанын көрсетіп отыр. Инфляциялық күтулердің сандық бағасы халықтың күтулерінің нысаналы дәліз шеңберінде қалыптасатынын және нақты инфляция мәнінен төмен (қаңтарда 6,6пайыз) деңгейде белгіленетінін көрсетіп отыр. Бұл ретте инфляцияның жоғары болатынын күтетін респонденттердің үлесі өткен жылдың ортасынан бері ең төменгі мәнге азайды.

Экономиканың базалық салаларының дамуын көрсететін қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2017 жылғы қаңтарда 103,8 пайызды құрап, қалыпқа келетін өсу аймағында болып отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз